
Фото: Ашық дереккөз
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі алдын ала мәлімет бойынша, қайғылы оқиға техникалық жұмыстар кезінде қауіпсіздік шараларын сақтамау салдарынан болғанын мәлімдеді.
«Полиция органдары қылмыстық іс қозғады, қосымша қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі марқұмның туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады», делінген хабарламада.