
Әкімдіктің баспасөз қызметі мәліметінше, аталмыш жағдай бойынша ауыл әкімінен ресми түсініктеме талап етіліп, материалдар Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Әдеп жөніндегі кеңесіне жолданған. Онда қызметтік әдеп нормаларының бұзылу фактісі қаралады.
- Мұндай әрекеттерге жол берілмеуі тиіс. Өңір басшылығы тарапынан бейәдеп сөз айту мен әдепсіз мінез-құлыққа қатаң қарсы ұстаным бар, - делінген әкімдік хабарламасында.