
Фото: Qazsporttv
Әйелдер арасындағы еркін бағдарламада кезекті медальға қол жеткізген отандастарымыз Ясмин Тұяқова мен Даяна Джаманчалова. Олар жұптық сайыста 206.6363 ұпай жинап, Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды.
Алтын медальді иеленгендер – Өзбекстаннан барған Хадиша Агзамова мен Сабина Махмудова (209.9784 ұпай). Ал 183.4671 ұпаймен үшінші орын алып, қола медаль жеңіп алғандар – Қытай спортшылары Сыи Чэнь мен Юйтун Цзян.