Табиғат • Кеше

Павел Дуровтың Көлсайға шомылуына жол берген қызметкерлер жазаланады

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуров Алматы облысындағы Көлсай суына шомылып жатқан бейнежазбасын жариялады, деп жазады Egemen.kz.

Павел Дуровтың Көлсайға шомылуына жол берген қызметкерлер жазаланады

Бұл оқиғаға байланысты «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің өкілі мәлімдеме жасады.

– Көлсай көлдерінде шомылу туристік маршруттың төлқұжатына сәйкес қатаң түрде тыйым салынған. Осы жағдайға байланысты парк басшылығы қызметтік тексеру жұмыстарын бастады. Оның қорытындысы бойынша тиісті бақылауды қамтамасыз етпеген жауапты қызметкерлерге тәртіптік шаралар қолданылады, - деп хабарлады ұлттық табиғи паркінен.