П
Парламент • 10 Маусым, 2025
Қазақстан Парламенті Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов пен Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінің төрағасы Нурланбек Тургунбек уулу Астанада Қазақстан-Қырғызстан парламентаралық ынтымақтастық кеңесінің үшінші отырысын өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әлем • 10 Маусым, 2025
АҚШ-та Трампқа қарсы жаппай наразылықтар өтіп жатыр
АҚШ-тың бірқатар ірі қаласында Дональд Трамп әкімшілігінің заңсыз мигранттарға қатысты әрекеттеріне қарсы бағытталған жаппай наразылық шерулері өтті, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 10 Маусым, 2025
Иран-Ғайыптың «Алтын ажал» драмасы тұңғыш рет сахналанады
Шырайлы Шығысқа ақын-драматург Иран-Ғайып Оразбаев келді. 21-маусымда облыстық драма және оперетта театрында сахналанатын «Алтын ажал» драмалық дастанын ол осыдан елу жыл бұрын жазған, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 10 Маусым, 2025
Қызылорда облысында шаруа қожалықтары суды заңсыз пайдаланған
Аталған облыс аумағында алты шаруа қожалығының суды заңсыз пайдаланғаны анықталған. Биыл вегетациялық кезең басталғалы бері өңірде рұқсатсыз алынған судың көлемі 2,3 млн текше метрден асқан. Бұл судың барлығы күріш алқаптарын суаруға жұмсалған, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 10 Маусым, 2025
Мемлекет басшысы Португалия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Марселу Нуну Дуарте Ребелу де Соузаны осы елдің ұлттық мерекесі – Португалия күнімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 10 Маусым, 2025
Ақмола облысында бес бала терезеден құлап кетті
Жаз басталғалы Ақмола облысында бес бала терезеден құлап кеткен. Тәртіп сақшылары ата-аналарға қайғылы жағдайдың алдын алуға көмектесетін негізгі ережелерді еске салды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 10 Маусым, 2025
Пауэрлифтингтен әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ
Пауэрлифтингтің классикалық және арнайы киім киіп көтеру деген екі түрі бар. Бұл спорт түрі олимпиадалық ойындардың тізіміне әлі енгізілмегенімен, Халықаралық Олимпиада Комитеті ұйымдастыратын Дүниежүзілік ойындарда ұсынылған. Аталған спорт түрі бойынша жыл сайын әлем чемпионаттары өтіп тұрады, оны Халықаралық пауэрлифтинг федерациясы ұйымдастырады. Пауэрлифтингтен ересектер арасындағы Тәуелсіз Қазақстанның спорт тарихында алғашқы Әлем чемпионы Алексей Сивоконь екені белгілі. Ал Әлем чемпионатында топ жарған алғашқы қазақ Абдулкарим Қараман туралы біреу білсе, біреу білмейді.
Қоғам • 10 Маусым, 2025
Тәуекел деңгейі жоғары кәсіпорындар саны азайды - министр
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Үкімет отырысында қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету және еңбек саласын цифрландыру туралы айтты. Мемлекет басшысы қойған міндеттерді іске асыру үшін сала министрлігі 10 бағыт бойынша жоспарлы жұмыс жүргізіп жатыр. Бүгінде еңбек қауіпсіздігін қорғау мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының бірі, деп хабарлайды Egemen.kz аталған ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Үкімет • 10 Маусым, 2025
Өндірістегі қауіпсіздік цифрлық жүйелер арқылы күшейтіледі
Қазақстандағы жетекші өнеркәсіптік компаниялар – «Qarmet» АҚ мен «Қазмырыш» АҚ өндірістік қауіпсіздікті арттыру мақсатында заманауи цифрлық технологияларды енгізуді жоспарлар отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жұмыс • 10 Маусым, 2025
Еңбек нарығындағы ауқымды өзгерістер талқыланды
Женева қаласындағы Ұлттар сарайында өткен Халықаралық еңбек конференциясының 113-сессиясында еліміздің Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин ұйымның нақты ұсыныстарын жария етті. Оның мәлімдеуінше, бұл саладағы бастамалар тек өз еліміз үшін ғана емес, сондай-ақ өтпелі экономикасы бар басқа мемлекеттер үшін де пайдалы, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Таза Қазақстан» • 10 Маусым, 2025
«Таза аула» конкурсының жеңімпаздары анықталды
Қонаев қаласында жаз бойы әр апта сайын «Aspan fest» ән фестивалі ұйымдастырылады. Жақында фестивальдің алғашқы концерті өтті, деп жазады Egemen.kz.
Еңбек • 10 Маусым, 2025
Еңбек заңнамасын бұзған кәсіпорындар жауапкершілікке тартылды
Биылғы жылдың 1 маусымындағы жағдайға сәйкес мемлекеттік еңбек инспекторлары еліміздегі 85 кәсіпорында жалақы бойынша берешек бар екенін анықтады. Аталған кәсіпорындар 2 мыңнан астам қызметкерге 814 миллион теңгеден астам еңбекақыны уақтылы төлемеген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 10 Маусым, 2025
Алматыдағы жантүршігерлік жол апатынан үш адам зардап шекті
Алматы қаласы Саялы шағын ауданында жеңіл көлік пен автокран соқтығысып, үш адам жарақат алған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 09 Маусым, 2025
Теннисшілеріміз әлемдік рейтингте жоғарлады
Парижде өткен «Ролан Гаррос» турнирі аяқталғаннан кейін теннисшілердің әлемдік рейтингі жаңартылды, деп жазады Egemen.kz.
Есірткі • 09 Маусым, 2025
Жеңіл ақша таппақ болғанның жолы кесілді
23 жасар Астана тұрғыны Петропавл қаласына келіп «α-PvP» «мефедрон» синтетикалық есірткісін таратпақ болған кезінде ұсталды, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 09 Маусым, 2025
Президент Қорғаныс министрлігінің басшылық құрамымен жиын өткізді
Қазақстан Республикасының Президенті – Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрлігінің басшылық құрамымен жиын өткізді, деп жазады Egemen.kz.
Инфрақұрылым • 09 Маусым, 2025
Теміржол кластері дамуда: Шу ауданында 100 жаңа жұмыс орнына арналған заманауи депо ашылды
Жамбыл облысында ірі инвестициялық жобалардың бірі – теміржол депосы сәтті іске қосылды, деп жазады Egemen.kz.
Форум • 09 Маусым, 2025
Президент «Қазақстан – Болгария» бизнес-форумына қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан – Болгария» бизнес-форумына белсене қатысқаны үшін Румен Радевке және болгар кәсіпкерлеріне алғыс айтты. Мемлекет басшысы аталған іс-шара екі елдің экономикалық және инвестициялық ынтымақтастығына тың серпін беретініне сенім білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Саясат • 09 Маусым, 2025
Даудың басы – Дональд Трамптың доллары
Илон Маск пен Дональд Трамп арасындағы дүрдараздық – ғаламтор бетіндегі ғайбат қана емес, саясат сахнасындағы айбат. Екі түйе сүйкенсе, ортасында шыбын өледі. Сарапшылар қос алыптың қақтығысы ел экономикасы мен ұлттық қауіпсіздікке үлкен қауіп туғызып тұрғанын айтады, деп жазады Egemen.kz.
Мектеп • 09 Маусым, 2025
Асханасы жоқ мектептің оқушылары қалай тамақтанады
Жаңа оқу жылынан бастап асхана жабдықталмаған мектептерде оқушыларға арнайы түскі ас пакеттері беріледі. Бұл туралы Қазақстанның Білім министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Ипотека • 09 Маусым, 2025
Қазақстанда ипотека мөлшерлемесі төмендетілді
Қазақстанда ипотекалық несиелер бойынша ең жоғары мөлшерлеме қайта қаралды. Енді ол жылдық 20 пайыздан аспауы тиіс — бұған дейін бұл шек 25 пайыз болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 09 Маусым, 2025
Өткен аптадағы спорттық жетістіктер
Қазақстан спортшылары өткен аптада спорттық гимнастика, жеңіл атлетика және теннис ойындары бойынша жарқын жеңістерге қол жеткізді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 09 Маусым, 2025
Ұлттар лигасының финалдық ойыны кезінде жанкүйер қаза тапты
Мюнхендегі «Альянц Арена» стадионында Ұлттар Лигасының финалдық ойыны барысында қайғылы оқиға орын алды. Испания мен Португалия құрамаларының кездесуінде бір жанкүйер биіктігі шамамен сегіз метр болатын жоғарғы ярустан баспасөз секторына құлап кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Айбын • 09 Маусым, 2025
Ақтөбеде әскери-патриоттық жастар жиыны өтеді
«Айбын-2025» халықаралық әскери-патриоттық жастар жиыны 22–28 маусым аралығында Жеңістің 80 жылдығына және Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына орай ұйымдастырылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 09 Маусым, 2025
Белгілі публицист Мақсот Ізімұлы көз жұмды
Белгілі журналист, публицист Мақсот Ізімұлы 65 жасқа қараған шағында дүниеден өтті. Қаралы хабарды әріптесі, қаламгер Мақсат Тәж-Мұрат жеткізді, деп жазады Egemen.kz.
Мектеп • 09 Маусым, 2025
Маңғыстау облысындағы 65 мектептен заңбұзушылық анықталды
Денсаулық сақтау министрлігі Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша Маңғыстау облысындағы мектеп асханаларын жаппай тексеруді аяқтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 09 Маусым, 2025
Автобус апатында аяғынан айырылған қыздың отбасына баспана беріледі
Астанада автобус апатынан кейін екі аяғынан айырылған қыздың отбасына тұрғын үй беріледі. Бұл туралы қала әкімі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Банк • 09 Маусым, 2025
Ұлттық банк төрағасы мәлімдеме жасады
Биыл ел экономикасы 6%-ға дейін өскен. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 09 Маусым, 2025
Абай облысында қаржы пирамидасы әшкереленді
Қаржы мониторинг агенттігінің Абай облысы бойынша департаменті «Rakhat0425» деп аталатын қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 09 Маусым, 2025
Қазақстандықтардың жеке дерегін сатумен айналысқан топ ұсталды
ІІМ-нің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп, қазақстандықтардың жеке мәліметтерін интернетте заңсыз сатқан қылмыстық топтың жолын кесті, деп жазады Egemen.kz.