
фото: ашық дереккөз
Оның айтуынша экономикалық белсенділік артып келеді.
«Алдын-ала мәлімет бойынша, қаңтар-сәуір айларында жалпы ішкі өнім қарқыны 6%-ға жетті. Мұнай өндірісінің қалыпқа келуі және шикізаттық емес салалардың қарқынды дамуы осындай нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік берді. Ең жоғары өсім 22,4 %-бен көлік және қоймалау саласында байқалды. Мұның бәрі инфрақұрылымдық жобалардың іске асырылуымен тығыз байланысты. Баға өсімі тіркелген салаларда еңбек өнімділігінің де артқаны байқалады. Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында өнім беру көлік, құрылыс, ауыл шаруашылығы мен өңдеу өнеркәсібі салаларында нақты жалақының динамикасынан асып түсті», деді Ұлттық банк төрағасы.
Тимур Сүлейменов соған қарамастан экономикадағы өндіріс секторы ішкі сұранысты қамтамасыз ете алмай отырғанын атап өтті.
«Сұраныс пен ұсыныс арасындағы айырмашылық сақталып, инфляциялық қысымды күшейте түсті», деді ол.