Аймақтар • Кеше

Ақмола облысында бес бала терезеден құлап кетті

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жаз басталғалы Ақмола облысында бес бала терезеден құлап кеткен. Тәртіп сақшылары ата-аналарға қайғылы жағдайдың алдын алуға көмектесетін негізгі ережелерді еске салды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақмола облысында бес бала терезеден құлап кетті

Ақмола облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, бес баланың біреуі  алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмған.

«Тағы бір оқиға 7 маусым күні Қосшы қаласында болды. Кезекші бөлімшеге Астанадағы ауруханалардың біріне 6 жасар қыздың жатқызылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына келген полицейлер кәмелетке толмаған баланың үйінде ойнап жүріп терезеден құлап кеткенін алдын ала анықтаған. Тергеу жүргізіліп жатыр, оның қорытындысы бойынша тиісті шаралар қолданылады», деп бөлісті ведомство.

Полицейлер ата-аналарды тағы да қырағы болуға шақырып, балаларды, әсіресе, жоғарғы қабаттарда орналасқан пәтерлерде қараусыз қалдырмау керектігін еске салды. Сондай-ақ, бала терезеге көтеріле алмайтындай етіп жиһазды терезелерден алыстату керек. Терезелерге блокаторлар немесе қорғаныс жолақтары орнатылуы керек.

Еске салайық, мамыр айының соңында елде жыл басынан бері 60 баланың терезеден құлап кеткені хабарланған болатын. Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды хабардар ету үшін дрондарды пайдаланады.