«Таза Қазақстан» • Кеше

«Таза аула» конкурсының жеңімпаздары анықталды

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қонаев қаласында жаз бойы әр апта сайын «Aspan fest» ән фестивалі ұйымдастырылады. Жақында фестивальдің алғашқы концерті өтті, деп жазады Egemen.kz.

«Таза аула» конкурсының жеңімпаздары анықталды

Қала тұрғындары мен қонақтары қатысқан көңілді кеш барысында Қонаев қаласының әкімі Асхат Бердіханов «Таза аула» конкурсының жеңімпаздарын марапаттады.

Салтанатты шарада аталған конкурсқа белсене қатысып, өз ауласын көз тартарлықтай етіп көгалдандырған тұрғындар арасында 3-орынды Қойшыманов көшесі №6 көпқабатты тұрғын үйдің тұрғыны Лилия Петрушина иеленді. Ал 2-орын 5-шағын аудандағы №56 көпқабатты үйдің тұрғыны Абдували Асылбековке бұйырды, ал 1-орынды 3-шағын аудандағы №28Б көпқабатты үйдің тұрғыны Ольга Попова жеңіп алды.

Қаланың көркіне көрік қосып, табиғат пен ауланың жанашыры атанған азаматтарға 100, 200 және 300 мыңның сертификаттары табыс етілді. Бұл «Таза аула» конкурсының алғашқы кезеңі. Ерекше жарыс ары қарай да жалғасын табады.  

Тұрғындарды жұдырықтай жұмылдырған «Таза Қазақстан» акциясының басты мақсаты – тазалық мәдениетін қалыптастару. Аталған бағыттағы жұмыстар қала әкімдігімен жүйелі түрде жүргізілуде.

Алматы облысы