Әлем • 10 Маусым, 2025

АҚШ-та Трампқа қарсы жаппай наразылықтар өтіп жатыр

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ-тың бірқатар ірі қаласында Дональд Трамп әкімшілігінің заңсыз мигранттарға қатысты әрекеттеріне қарсы бағытталған жаппай наразылық шерулері өтті, деп жазады Egemen.kz.

АҚШ-та Трампқа қарсы жаппай наразылықтар өтіп жатыр

Фото: Daniel Cole/REUTERS

Калифорнияда бастау алған демонстрацияларға Нью-Йорк, Техас, Джорджия және Кентукки сияқты өзге де штаттардан тұрғындар қосылды. Нью-Йорктегі Trump Tower ғимаратының алдында өткен шағын митинг барысында шерушілер «Мигранттарды қайтарыңдар!» деп ұрандатты.

Қалада наразылық шаралары кезінде бірнеше адам тұтқындалды.

Нью-Йорк әкімі Эрик Адамс «Х» әлеуметтік желісінде зорлық-зомбылыққа жол бермеу қажеттігін ескертіп: «Нью-Йорк – бейбіт наразылық өткізуге болатын қала, бірақ біз тәртіпсіздік пен заңсыздыққа төзбейміз», деді.

Мұнымен қатар Техастың Даллас қаласында 400-ге жуық адам митингке шықса, Остин қаласында да жүздеген тұрғын шеруге қатысқан. Кентуккидің Луисвилл қаласында «бірнеше жүз» адам орталық алаңға жиналып, Джорджия штатындағы Атланта қаласында АҚШ-тың Көші-қон және кеден қызметі (ICE) кеңсесінің алдына ондаған адам жиналды.

Айта кетейік, Калифорниядағы тәртіпсіздіктер ICE мекемесінің осы өңірде жүргізген антимиграциялық рейдтерінен кейін өршіп кеткен. Лос-Анджелес маңында бір апта ішінде 118 адам миграциялық заңнаманы бұзды деген күдікпен ұсталған.

9 маусым күні Сан-Франциско қалалық полициясы (SFPD) 60-қа жуық адамды ұстағанын мәлімдеді. Бастапқыда бейбіт сипатта өткен наразылық жиынының барысында шерушілердің әрекеті агрессияға ұласқан. Құқық қорғау органдары «қоғамдық тәртіпті бұзу, шабуыл жасау, мүлікті бүлдіру сынды құқықбұзушылықтар» тіркелгенін хабарлады. Осыдан кейін шеруді заңсыз деп жариялаған. Сол күні Лос-Анджелес полициясы да 56 адамның тұтқындалғанын растады.

 

Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше