и
Тағайындау • 20 Қазан, 2025
Алматы қаласының Мәдениет басқармасына жаңа басшы тағайындалды
Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалдының өкімімен Мәдениет басқармасының басшысы болып Данияр Абзалиденұлы Әлиев тағайындалды. Бұған дейін ол Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасын басқарған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 20 Қазан, 2025
Қытайда ЖИ пайдаланушыларының саны 515 миллионға жетті
Қытайда генеративті жасанды интеллектке қызығушылық күрт артып келеді. 2025 жылдың маусым айындағы жағдай бойынша бұл технологияны қолданушылар саны 515 миллион адамға жетіп, бір жыл ішінде екі есеге жуық өскен, деп хабарлайды Egemen.kz Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.
Оқиға • 20 Қазан, 2025
Алдағы үш жылда 3 мыңнан астам ауыл жоғары жылдамдықты интернетке қосылады
Елімізде шалғай елді мекендерді сапалы интернетпен қамту қарқынды жүріп жатыр. 2027 жылға дейін үш мыңнан астам ауыл жоғары жылдамдықты интернетке қосылады деп жоспарланған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Кино • 20 Қазан, 2025
Қазақ киносы әлемдік сахнада қарқынды дамып келеді
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі ұлттық киноны дамыту мен оны әлемдік деңгейде таныту бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастырып келеді. 2020–2025 жылдар аралығында Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы түрлі жанрдағы 119 киножобаны жүзеге асырды. Осы кезеңде қазақстандық фильмдер 300-ден астам халықаралық фестивальге қатысып, 177 марапатқа ие болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 20 Қазан, 2025
Елімізде 5 жыл ішінде 1 млн азамат ЖИ негіздері бойынша оқытылады
Қазақстанда жасанды интеллект саласын өркендету жаңа кезеңге қадам басты. Қазіргі уақытта Сенатта «Жасанды интеллект туралы» заң жобасы қаралып жатыр. Бұл құжат инновациялық технологияларды қауіпсіз әрі тиімді қолданудың құқықтық негізін бекітіп, елдің цифрлық трансформациясын жеделдетуге бағытталған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы • 20 Қазан, 2025
Әлем чемпионы әскери ант берді
Алматы қаласында Қорғаныс министрлігі Спорт комитеті – Армия орталық спорт клубында әскери ант беру салтанатты рәсімі өтті. Ант берген әскери қызметшілер қатарында белгілі спортшылар да бар, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 20 Қазан, 2025
Елордада «Kóshpendiler áýeni» IІ халықаралық этникалық музыка фестивалі өтті
Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы елордада «Kóshpendiler áýeni» II халықаралық этникалық музыка фестивалін өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 20 Қазан, 2025
«Әскери баспана» жеңілдетілген ипотекасы қайта жанданады
Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов пен «Отбасы банк» басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова әскери қызметкерлерді тұрғын үймен қамтамасыз ету және «Әскери баспана» бағдарламасын қайта жандандыру жолдарын талқылады. Кездесу барысында әскери ипотеканың тиімділігін арттыру мен тұрғын үйге қолжетімділікті жеңілдету мәселелері көтерілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 20 Қазан, 2025
Астанада Абай университетінің Білім беру институты ашылды
Астанада еліміздегі тұңғыш жоғары оқу орны – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Білім беру институты өз жұмысын бастады. Бұл бастама Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың білім беру саласын дамыту жөніндегі стратегиялық тапсырмаларын жүзеге асыру аясында қолға алынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы • 20 Қазан, 2025
Giro d’Almaty-2025 веложарысы өтті
Алматы қаласы жаттықтырушылар қауымдастығының ұйымдастыруымен велоспорт әуесқойлары мен ардагерлерінің дәстүрлі Giro d’Almaty-2025 шосселік жарысы өтіп, оған Астана, Көкшетау, т.б. қалалардан келген спортшылар да қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 20 Қазан, 2025
Келер жылы 2 689 ауыл жоғары жылдамдықты интернетке қосылады
Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгінгі таңда Қазақстанның 6 179 елді мекенінің 119 қаласы мен 4 906 ауылы байланыспен қамтамасыз етілген, деп жазады Egemen.kz.
Республика күні • 20 Қазан, 2025
Құқық үстемдігі – тәуелсіздіктің сара жолы: Мемлекеттік егемендік туралы декларацияның 35 жылдығы
Биыл Қазақстан Мемлекеттік егемендік туралы декларацияның 35 жылдығын атап өтуде. Дәлірек айтсақ, бүгінгі таңда әлемге танылып отырған еліміздің мемлекет болып қалыптасуы тап осы кезеңнен бастау алды. Декларация республикамыздың ішкі және сыртқы саясатын өз бетінше айқындау, ресурстарға иелік ету, билік органдары мен заңнамалық жүйені қалыптастыру құқығын алғаш рет заңды түрде бекітіп берді.
Үкімет • 20 Қазан, 2025
Цифрлық штаб мемлекеттік сервистерді бірыңғай платформаға біріктіруді тапсырды
Премьер-министр Олжас Бектеновтың төрағалығымен өткен Цифрлық штаб отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан» атты Жолдауында айтылған тапсырмаларды жүзеге асыру мәселелері қаралды. Отырыста бірыңғай цифрлық экожүйе қалыптастыру, инновациялар мен IT-стартаптарды қолдау жөнінде нақты шешімдер қабылданды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 20 Қазан, 2025
Израиль шабуылдарынан Газада 40-тан астам палестиналық қаза тапты
Газа секторында Израиль әскери әуе күштерінің соққылары салдарынан соңғы тәулікте 44 адам қаза тапқан, деп хабарлайды Egemen.kz ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
Теннис • 20 Қазан, 2025
Елена Рыбакина әлемдік рейтингіде 7-орынға көтерілді
Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жаңартылған рейтингіні жария етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 19 Қазан, 2025
Ақтауда бойжеткен тұрғын үй кешенінен секіріп кетті
Ақтауда 18 қазан таңертең қайғылы оқиға болды. Жас қыз қыз 17-шағын ауданда орналасқан Green Plaza тұрғын үй кешенінің 18-қабатынан құлап түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Энергетика • 19 Қазан, 2025
Энергетика министрлігі: Орынбор зауытындағы апатқа байланысты Қазақстан газсыз қалмайды
Энергетика министрлігі Орынбор газ өңдеу зауытында болған төтенше жағдайға қатысты ресми түсініктеме берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 19 Қазан, 2025
Алматыдағы Наталия Сац атындағы театр алғаш рет Мәскеуде өнер көрсетті
Алматыдан келген Наталия Сац атындағы Мемлекеттік академиялық орыс балалар мен жасөспірімдер театры алғаш рет Мәскеуде, Ресей академиялық жастар театры сахнасында өнер көрсетті. Бұл гастрольдік бағдарлама Қазақстанның Ресейдегі Мәдениет күндері аясында өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 19 Қазан, 2025
Ақмола облысында іздеуде жүрген азаматтар ұсталды
Ақмола облысында іздеуде жүрген, соның ішінде ауыр қылмыс жасаған азаматтар анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Таза Қазақстан» • 19 Қазан, 2025
Алматыда оқушылар «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
Шоқан Уәлиханов атындағы мектептің оқушылары экобелсенділермен бірге «Сосновый бор» саябағының аумағына үш мыңға жуық құрғақшылыққа төзімді қарағаш көшеттерін отырғызды. Бұл бастама саябақ периметрінде жасыл қоршау жасау мақсатында жүзеге асырылды, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 19 Қазан, 2025
Алматыда жас таланттардың сурет көрмесі ашылды
Мемлекеттік орталық музейде «Тұмар-Арт» суретші-педагогтар қауымдастығының ұйымдастыруымен Алматы қаласының үздік бейнелеу студияларының шығармашылығына арналған «Күзгі симфония: балалар мен тәлімгерлер» атты көрме ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 19 Қазан, 2025
Қазан айында Қазақстан халқы қанша күн демалады?
2022 жылдан бастап Қазақстанда 25 қазанда аталып өтетін Республика күні қайтадан мемлекеттік мереке және демалыс күні болып белгіленді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 19 Қазан, 2025
Ақтаудағы онкоорталық маңынан ер адамның мәйіті табылды
Ақтауда №1 шағын ауданындағы онкологиялық орталық пен аялдама маңынан ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 19 Қазан, 2025
Қазақстан World Boxing рейтингінде үздіктер көшін бастады
Халықаралық бокс федерациясы World Boxing әлемнің үздік боксшыларының алғашқы рейтингін жариялады. Бұл тізім Өзбекстан мен Қазақстанның олимпиадалық бокстағы жетекші елдер екенін тағы бір мәрте дәлелдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 18 Қазан, 2025
Азаматтар автокөлікті лизинг арқылы ала алады
Жеке тұлғалар үшін жеңіл автокөлік сатып алуға лизинг тетігі енгізілуде, деп жазады Egemen.kz.
Технология • 18 Қазан, 2025
Технология дәуірі: құтқарушылар және жасанды интеллект
Бүгінгі құтқарушы тек рациясы мен каскасы бар адам ғана емес. Бұл дрондармен, тепловизорлармен, цифрлық карталармен және жасанды интеллектпен жасақталған маман, деп жазады Egemen.kz.
Тағайындау • 18 Қазан, 2025
Антикордың экс-басшысы бас прокурордың орынбасары болды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бас прокурордың орынбасарын тағайындады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қылмыс • 18 Қазан, 2025
Жезқазғанда бірнеше ұрлық жасаған ағайынды күдіктілер ұсталды
Жезқазған қаласында бірқатар ұрлыққа қатысы бар күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Партия • 18 Қазан, 2025
Астанада "Jas Republic Cup II" дебат турнирінің финалы өтіп жатыр
Астанада Республика күніне орай мектеп оқушыларының арасында ұйымдастырылған екінші республикалық “Jas Republic Cup II” дебат турнирінің финалдық кезеңі басталды. Respublica партиясы мен Ozger team командасының қолдауымен #101 Келешек мектебінің алаңында өтіп жатқан бұл турнир дәстүрге айналып келеді. Алғашқы Jas Republic Cup 2024 жылы өтіп, елдің түкпір-түкпірінен жиналған белсенді жастарды біріктірсе, биылғы байқау аталмыш жобаның ұлттық деңгейге көтерілгенін көрсетіп отыр, деп жазады Egemen.kz.
Әдебиет • 17 Қазан, 2025
Франкфуртта "Егемен Қазақстан" тілшісінің кітабы таныстырылды
Германияның Франкфурт қаласында өтіп жатқан дәстүрлі халықаралық кітап көрмесінде ақын, “Егемен Қазақстан” газетінің тілшісі Дүйсенәлі Әлімақынның “Америка ашқан қазақтар” атты жаңа кітабының таныстырылымы өтті, деп жазады Egemen.kz.