Президент • Бүгін, 15:55

Қазақстан мен Армения цифрландыру саласында күш біріктірмек

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан мен Армения жасанды интеллект, жаңа технология және цифрландыру бойынша тәжірибе алмасуға келісті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қазақстан мен Армения цифрландыру саласында күш біріктірмек

Фото: Ақорда

Президент цифрландыру және жасанды интеллект саласындағы ықпалдастықтың әлеуеті зор екенін атап өтті.

«Қазақстанда цифрландыру үдерісі қарқынды жүріп жатыр. Армения ІТ-технологиялар мен стартап экожүйесінде айтарлықтай табысқа қол жеткізді. Бұл – екі елдің экономикасын дамытуға тың серпін беретін маңызды сала. Осы орайда, жасанды интеллект, жаңа технология және цифрландыру бойынша тәжірибе алмасуға келістік, бұл бағытта бірлескен жобаларды іске асыру мәселесіне тоқталдық. Премьер-министр Пашинян мырза аймақтағы ең ірі IT стартап паркі – Astana Hub және Alem.ai жасанды интеллект орталығының жұмысымен танысады. Келесі жылы Alem.ai негізінде Арменияның TUMO Astana халықаралық білім беру орталығы ашылады», деді Мемлекет басшысы.