Білім • Бүгін, 16:26

Ел мектептері жасанды интеллектіні жүйелі қолдана бастайды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Білім беру саласында жасанды интеллектіні (ЖИ) этикалық және қауіпсіз қолдану бойынша жүйелі жұмыс басталды. Сол орайда ел мектептерінде әдістемелік ұсынымдар әзірленіп жатыр, деп жазады Egemen.kz

Ел мектептері жасанды интеллектіні жүйелі қолдана бастайды

Фото: Oqu-agartu ministrligi

Халықаралық тәжірибе көрсетіп отырғандай, ЖИ-ді табысты енгізу үшін үш негізгі фактор маңызды саналады, олар: ұстаздардың жоғары біліктілігі, қатаң этикалық стандарттар және қоғамның технологияларға деген сенімі.

«Қазақстан білім беру жүйесіне ЖИ интеграциясының ұлттық моделін жасап жатыр. Ол этикалық, қауіпсіз, педагогикалық негізделген және оқушылар мен ұстаздардың әлеуетін барынша ашуға бағытталған. Негізгі мақсат – жаңа технологияларды саналы түрде қолдану, адамның рөлін сақтау және барлық процестердің ашықтығын қамтамасыз ету», дейді Орта білім комитеті төрағасының орынбасары Зейнеп Мақсұтова.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, ұлттық модельді әзірлеу тұрғысында  Эстония, Оңтүстік Корея, АҚШ секілді елдердің тәжірибелері зерделеніп, халықаралық беделді ұйымдардың ұсынымдары ескерілді.