Абзал МАҚАШ
Абзал МАҚАШ«Egemen Qazaqstan»
958 материал табылды

Әдебиет • 20 Қыркүйек, 2024

«Сары тентек» сарыны

Тентектіктің теориясы жоқ. Жүре келе жұғатын емес, туа сала тұнатын бұл мінезді ақын қауымының арқалап жүретіні бар. Буырқанып, бұрсанған бойындағы бұла күш ақылдың арнасына түссе, қаламынан күркіреген жыр туады. Алайда ақын өлеңді ешкімге де соқтықпай, момын қалпында жазса да болады емес пе? Орыс ақыны Сергей Есенин бұған былай деп жауап береді: «Жасырмаймын, тентек болған шығармын, жарқынырақ жану үшін мен, бәлкім». Қазақтың да Есенин секілді ақ сары жүзді ақыны бар. Ол өзінің асаулығын былай деп түсіндіреді: «Пәтуалы ақсақалы аз елде, мен еріксіз «Сары тентек» атандым». Біздің бүгінгі әңгімеміз қазақтың «сары тентегі» – ақын Қуаныш Мақсұтов хақында болмақ.

Таным • 20 Қыркүйек, 2024

Cіз білесіз бе? Қағаз ақша қайдан шықты?

Қағаз ақша алғаш рет Қытайда XI ғасырда пайда болды. Олар VII ға­­сырда Таң әулеті кезінде сау­да­герлердің қол­хат­тарынан табылған.

Аймақтар • 19 Қыркүйек, 2024

Журналист жазбалары: Ұлытау сапары

«Қазіргі Ұлытау – ежелгі рухани самғаулар мен саяси шоғыр­лануға куә болған қа­шанғы қара орын», дейді халық жазушысы Әбіш Кекілбайұлы. Әңгіме­міз­­дің әлқиссасын заманымыздың заңғар қайраткерінің осы пайымдауымен бас­­та­ғанды жөн көріп отырмыз. Алаштың аға тауы, даланың ақ отауы саналған қастерлі қоныс, қасиетті мекен адамзат тарихымен астасып жат­қан тамырлы тарихымен қымбат. Ол – тұтас қазақ халқының табысқан төбе­сі, ұйысқан іргесі. Өткен күннің көкжиегіне көз тастап, көңіл аударсаң, бұл жерге қай қағанат, қай хандық тағзым етпеді дерсіз. Әне, арбаға мүйізді жыл­қы жеккен «күнбасты адамның» кірмембес ауыр қолынан басталған тарихи тізбек сақтардың салқам керуенімен жалғасып, хан Жошы­ның ұлы­сына ұласып жөңкіп барады. Ал артынан... Ұлытаудың мәртебелі биігіне мәңгіліктің туын қадаймын деп салтанаты жарасып­ келе жатқан тәуелсіз еліміздің көрінісі менмұндалайтындай. Осы орайда Мемлекет басшы­сының «Ұлытау – 2019» халықаралық туристік форумында сөйлеген сөзі ойға оралады. «Тарихы терең Ұлытаудың қадір-қасиетін баға­лай білу – барша­мызға ортақ парыз. Сондықтан Ұлытаудың тарихы мен тағылымын жас­тар тәрбиесі мен отаншылдықты, ішкі туризмді дамытуға пайдалану керек», деген сөзі осы қасиетті мекенге жолға шығып, дала дидарын көзбен көріп, көңілмен түйсінуге бел буғызды.

Тағзым • 12 Қыркүйек, 2024

Қаламгер есімі ұлықталды

Астана қаласы күйші Дина көшесіндегі №8 үйдің қабырғасына белгілі журналист, жазушы Жылқыбай Жағыпарұлына ескерт­кіш тақта орнатылды. Өмірін өнегемен өрнектеп кеткен қо­ғам қайраткері бұл үйде өмірінің соңына дейін тұрған болатын.

Digital • 05 Қыркүйек, 2024

Қазақша жасанды интеллект қалыптастыру бастамасы

Кернеуі күннен-күнге күшейіп, өмірімізде өріс алып келе жат­қан ғылымның күрделі саласы­ның бірі – жасанды интеллект. Бұл – адамның ойлау үдері­сін компьютерлік жүйеде модель­дей­тін бағдарлама желісі. Елімізде енді ғана қолға алы­нып жатқан мәселе болғаны­мен, «жасанды интеллект» термині бағдарламашы Джон Маккартидің аузынан 1956 жылы АҚШ-тың Дартмут колледжінде өткен ғылыми кон­фе­ренциясында шығып үлгер­ген. Нәтижесінде, жасанды интел­лектіні игерген жасампаз мемле­кеттер даму реттілігінде алғаш­қы орындарға орнығып алды.

Кино • 03 Қыркүйек, 2024

«Бауырына салу» – дәстүрге құрмет

Мәдениет және ақпарат министрлігі, Ұлттық кино орта­лығы» қолдауымен түсірілген «Бауырына салу» фильмі халықаралық фестивальдарда топ жарып келеді. Жақында режиссер Асхат Кучинчерековтің фильмі Аустрия мен Санкт-Петербургте екі беделді марапатқа ие болды.

Театр • 03 Қыркүйек, 2024

Жастар театрының гастрольдік сапары

Ашылғанына небәрі алты ай болған Атырау жастар театры Астана қаласына гастрольдік сапармен келді. Конституция күні аясында өткен сапар барысында өнер ұжымы елордалық көрерменге Мұқанғали Томановтың авторлығы және режиссерлігімен «Жәннат», Бердібек Соқпақбаевтың повесі бойынша дайындалған «Менің атым Қожа» қойылымын ұсынды.

Жәдігер • 03 Қыркүйек, 2024

Қаңлы дәуірінің қазынасы

Орталық музейдің археология бөлімінің мамандары Түркістан облысы Созақ ауданындағы Қызылкөл ауылы маңында орналасқан археологиялық ескерткіштегі далалық зерттеу жұмысын аяқтады. Нәтижесінде, қаңлы мәдениетіне қатысты біздің заманымыздан бұрын ІІ ғасырға жататын бірегей артефактілер табылды. Ғалымдардың пікірінше, бұл жерде ғибадатхана мен екі қорған орналасқан.

Әдебиет • 29 Тамыз, 2024

Парасат поэмасы

Ақын – ұлт жанарынан адамзат қайғысын аңдай алатын азамат. Ондай тұлғаның жыры – ғибрат, сыры – ғибадат, мұңы мүбәрак болады. Төлтума болмысына тереңдеген сайын, ақынның да төрі биіктей береді. Қандай ба­ғытта қалам тербесе де, ондай ақынның жыр­ларында халықтың мұң-мүддесі жаңғырып тұрады. Қисапсыз қай­шылықтардың көркемдік көзәйнегіндегі көрінісі ха­лық жадында тамаша жат­талады. Себебі эсте­тиканың негізгі категория­сы – өнердің халықтығы. Қазақ әдебиетінде осындай ұстанымдағы қаламгерлер қатары аз емес. «Қазақтың дәл өзіндей қарапайым» жырларымен күрделі шындықтардың күретамырын дөп басатын Ғалым Жайлыбайдың шығармашылығы жоғарыдағы ойымызды қуаттап, сәуле түсіріп тұр. Иә, бұған дейін де ақын шығармашылығына танымдық барлау аз жасалған жоқ. Әйтсе де Ғ.Жайлыбай поэзиясына, әсіресе кейінгі жылдары жазылған сүйекті поэмаларына бүгінгі күннің биігінен қарап, зерделі зерттеулер жасау, сол арқылы адам мен заман келбетін анықтау – әдебиеттанудағы әлі де өзекті тақырыптардың бірі болып тұр.

Руханият • 29 Тамыз, 2024

Абайтанудағы зерттейтін тақырып жеткілікті

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ғылыми кітапханасында «Абай орталықтары және абайтанудың қазіргі өзекті мәселелері» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті. Жиында әр қалада орналасқан Абай орталықтары атқарып жатқан жұмыстарына есеп беріліп, хакім мұрасын зерттеп-зерделеудегі түйткілді түйіндер талқыланды. Іс-шара «Абай акаде­миясы» ғылыми-зерттеу институтының ыждағатымен ұйымдастырылды.