Спорт • Бүгін, 14:40

Садақ атудан мергендеріміз әлем чемпионатында жүлде алды

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Садақ атудан Оңтүстік Кореяның Кванджу қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында ел қоржынына алғашқы медаль түсті, деп жазады Egemen.kz.

Садақ атудан мергендеріміз әлем чемпионатында жүлде алды

Фото: gov.kz

Компаунд бағдарламасы бойынша Адель Жексенбинова, Виктория Лян, Роксана Юнусова бастаған командамыз қола жүлде үшін таласта Ұлыбританияны 232:228 есебімен тізе бүктірді.

Бұған дейін ел тарихында 1993 жылы классикалық садақ атудан әйелдер сайысында Яна Туниянц қола жүлдегер атанған болатын.