
Фото. ашық дерекөз
Мемлекет басшысы жасанды интеллектіні пайдалана отырып, тасымалды басқарудың кешенді цифрлық платформасын енгізу қажеттігін айтты. Осы мақсатта қазанда смарт-карго жүйесі іске қосылмақ.
«Бұл жұмысты тездетіп аяқтау қажет. Қазан айының соңына дейін кеден және логистика қызметін көрсететін Смарт-карго бірыңғай цифрлық жүйесін іске қосқан жөн. Бұл жүйе инфрақұрылымды жеке компанияларға автоматты түрде бірдей қолжетімді етеді. Шекарадағы өткізу бекеттері жаңғыртылып жатыр. Биыл 8 бекет толығымен іске қосылады. Алдағы үш жылда тағы 34 бекет жаңарады», деді ол.