# ЖОЛДАУ
ЖОЛДАУ • 30 Желтоқсан, 2025
Технологиялық әлеует артып келеді
Президенттің халыққа Жолдауында елімізде өндірісті рістетуге басымдық беріліп келе жатқаны туралы үнемі айтылады. Инвестициялық жобалар, өндірістегі технологиялық жаңғырту – еліміздің даму стратегиясының өзегі. Осы тұрғыдан Абай еліндегі «Казполиграф» компаниясының қосқан үлесі көп. Жақында осы ірі экспорттаушы кәсіпорын жаңа өндірістік желісі – «Gable Top» картон қаптамалар цехын іске қосты.
Экономика • 27 Желтоқсан, 2025
ӘКК кәсіпкерлерге қорған бола алмай тұр...
Облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардан 2006 жылы құрылған әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларының (ӘКК) алдына шағын кәсiпкерлiктi дамыту, әлеуметтiк жобаларды iске асыру, iшкi нарықты бәсекеге қабiлеттi өнiмдермен қамтамасыз ету арқылы өңiрлердiң әлеуметтiк жай-күйiн жақсарту міндеті қойылған еді. Алайда арада өткен жиырма жылға жуық уақыт ішінде ӘКК-лердің тұрақтандыру қорларының көмегімен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын шектен тыс қымбаттатпай ұстап тұруға және шағын кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған жұмысы мардымды нәтиже берген жоқ. Оған аспанға шарықтап кеткен азық-түлік бағасы айғақ.
Медицина • 10 Желтоқсан, 2025
Медициналық сақтандыру – қоғам ниетінің көрінісі
Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында Үкіметке жасанды интеллект технологиясын қолданып, медициналық қызметтердің сапасы мен көлеміне мониторинг жүргізетін жаңа жүйе қалыптастыруды тапсырды.
Қоғам • 09 Желтоқсан, 2025
Мүгедектігі бар азаматтарды қолдау маңызды
Бүгінде елімізде мүгедектігі бар 743 мыңнан астам адам тұрады. Оларды әлеуметтік тұрғыдан қолдау, өмір сүру сапасын арттыру – мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі.
Сұхбат • 03 Желтоқсан, 2025
Ербол Мырзабосынов: Саламатты өмір салтын қалыптастыруға баса көңіл бөлінеді
Дені сау ұлт – мемлекеттің нық тірегі. Дамудың даңғыл жолындағы елдер халқының қажыр-қайратына әрдайым арқа сүйейді. Елге тұтқа болар ұрпақтың саламатты өмір салтын ұстануы қашанда маңызды. Бұқаралық спорттың кең қанат жайып, өркендеуі жолында елімізде де маңызды жобалар қолға алынды. Тіпті спорт туралы заң күшейтіліп, қайта қабылданды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында да ұлт саулығын ұдайы назарда ұстап, бұқаралық спортты дамытудың маңыздылығын атап, бірқатар тапсырма жүктеді. Туризм және спорт министрі Ербол МЫРЗАБОСЫНОВПЕН сұхбатымызда Президент тапсырмасының орындалу барысын сұраған едік.
Форум • 02 Желтоқсан, 2025
Бірлескен жобалар ел ырысын еселейді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында бүгінде дүние жүзінде инвестицияға тартыс күшейіп бара жатқанын айта келе, жаңа инвестициялық кезеңді бастау қажеттігін атап көрсетті. Бұл орайда өңдеу саласына көбірек қаражат тарту міндеттелді. Сондай-ақ Президент инвестиция тартуға жергілікті билік те мүдделі болып, жұмыла жұмыс істеуді, әкімдердің өңірдегі инвестициялық ахуалға тікелей жауапкершілігін белгілеуді жүктеді.
Экономика • 28 Қараша, 2025
Демографиялық өсімі жоғары, 2 миллионнан аса халқының 80 пайызы ауылдық жерде орналасқан Түркістан облысы – елімізде мақта өсіретін жалғыз өңір. Мақта – тоқыма өнеркәсібінің негізгі шикізаты ғана емес, мыңдаған отбасының тұрмысын түзеп, ауылдың әлеуетін көтеріп отырған берекелі өнім. Бүгінде өңір мақтаны тек шикізат күйінде емес, дайын өнімге айналдырып, тоқыма өнеркәсібін дамыту бағытында бірқатар жобаны қолға алған. Болашақта «Made in Turkestan» тігін жіптері мен маталарын танымал брендтерде сату көзделіп отыр.
ЖОЛДАУ • 27 Қараша, 2025
Су үнемдеу мәдениетін нығайту маңызды
Тіршілік нәрі саналатын суды үнемдеу – өзекті мәселе. Кейде еларалық шиеленіс осыдан да туындап жатады. Ысырапқа жол бермей, үнеммен игілікке жарату мәдениеті қалыптасқан елде алаңдаушылық болмайды.
Экономика • 26 Қараша, 2025
Мемлекет басшысы Жолдауында азық-түлік қауіпсіздігін стратегиялық маңызы бар міндет ретінде атап, Үкіметке импортқа тәуелділікті азайту жөнінде нақты тапсырма берді. Себебі ішкі нарықты отандық өніммен қамтамасыз ету – экономикалық дамумен қатар, елдің тұрақтылығына тікелей әсер ететін стратегиялық маңызы бар міндет.
Кеңес Дүйсекеевтің 80 жылдығына арналған мерекелік концерт өтті
Өнер • Бүгін, 23:40
Заңгерлер жаңа Конституцияның тұжырымдамасын талқыға салды
Ата заң • Кеше
Экономикалық қылмысқа қатысы барлар тізімге алынады
Экономика • Кеше