
Фото: ашық дереккөз
«Қоғамда жүргізу мәдениетін қалыптастыруымыз керек. Электросамокат мәселесіне назар аудару қажет. Бұл тақырып қоғамда қызу талқыланып жатыр. Екі жыл бұрын жаяу жүргіншілер жолында қозғалысты шектеуге қатысты заңнамалық өзгерістер енгізілген болатын. Алайда қоғамдық орындардағы жағдай өзгерген жоқ. Азаматтар әлі де қауіпке тап болып отыр», деді Президент.
Тоқаев үкіметке бұл мәселені қайта қарауды және қоғамдық қауіпсіздікті күшейтуге бағытталған тиімді шаралар әзірлеуді тапсырды.