Абзал МАҚАШ
Абзал МАҚАШ«Egemen Qazaqstan»
958 материал табылды

Өнер • 28 Тамыз, 2024

Италиядағы дебют

Елордадағы «Астана Опера» театрының солисі, Astana Opera Халықаралық опера академиясының түлегі, республикалық және халықаралық байқаулардың жеңімпазы Әлихан Зейнолла Италияның Пезаро қаласындағы Дж.Россини атындағы театрда «Реймске саяхат» спектаклінде Граф Либенсковтың басты партиясында дебют жасады.

Мәдениет • 26 Тамыз, 2024

Моцарттың мінезі

ХVIII ғасырдың ортасында Аустрияның шағын ғана қалашығында ең ұлы музыкант дүниеге келді. Баланың дарыны ерте жастан байқалды. Оның небәрі бес жаста жазған симфониясы күллі Еуропаға қол соқтырды.

Таным • 23 Тамыз, 2024

Сіз білесіз бе? Сақ патшайымы – Зарина

Грек тарихшысы Ктесий: «Сақ әйелдері ержүрек келеді, соғыс қаупі төнгенде ерлеріне көмек көрсетеді», деп жазба қалдырған. Сондай жауынгер әйелдердің бірі – Зарина. Ол – сақ патшасының қызы, Мермер қолбасшысының әйелі, Роксанаки қаласының билеушісі. Бұл қала Сырдария жағалауында, кейіннен Сығанақ қаласының іргесі қаланған аймақта орналасқан.

Марапат • 23 Тамыз, 2024

Бір күнде – жеті жүлде

Алматыдағы Жүсіпбек Елебеков атындағы республикалық эстрада-цирк өнері колледжінің студенті Әлихан Нұржауов WCOPA2024 халықаралық өнер байқауында бірден жеті жүлдеге ие болды.

Таным • 23 Тамыз, 2024

Ғалам ғажаптары: Тасбақаға ғашық көбелек

Тасбақа да жылайды. Амазонканың тропикалық ормандарында өте қызық құбылыс кездеседі: көбелектер тасбақалардың көзінің жасын ішеді. Осылайша, қанатты жәндіктер ағзаларын қажетті минералдарға толтырады. Тасбақалар мен кө­белек­тердің бұл байланысын Там­бопата ұлттық саябағындағы зерттеу орталығының қызметкері Фил Торрес түсіндіреді.

Таным • 23 Тамыз, 2024

Чарлидің күнделігі

Адам ақыл ойы мен төлтума болмысының қат-қабат қыртысы сөзсіз пәлсапалық, індете қазсақ, этикалық және моральдық категорияларымен таным таразысына тартылады. Америкалық жазушы Дэниел Киздің 1966 жылы жарық көрген «Алжернонға арналған гүл» («Flowers for Algernon») романында наубайханада тазалықшы болып жұмыс істейтін отыз екі жастағы ақыл-есі кем Чарли Гордонның оқиғасы баян­далады. Ол интеллектуалдық деңгейін көтеру тәжірибесіне өз еркімен қатысады. Ондағы мақсаты – өзінің мақтауға лайық бола алатынынотбасы мен айналасындағы адамдарға дәлелдеу.

Таным • 21 Тамыз, 2024

«Адамзаттың бәрін сүй...»

Бүгін – Халықаралық дін және наным-сенім негізіндегі зорлық-зомбылық құрбандарын еске алу күні. Оны 2019 жылдың мамырында БҰҰ Бас Ассамблеясы бекіткен болатын.

Сұхбат • 21 Тамыз, 2024

Бекжан ӘБДУӘЛИҰЛЫ: Ономастика – елдігіміздің айғағы

Ономастика – барлық жалқы есімнің тілдік және танымдық сипа­тын анықтап, тарихын түгендеп, болашағын болжайтын сала. Президент Ұлттық құрылтайда бұл саланың мемлекеттік деңгейдегі маңыздылығын атап өтіп, жер-су атауларын ұлттық биіктен зерттеу керектігін ескерткен болатын. Қазір бұл ғылым елімізде қарқынды дамып келеді. Түйткілді түйіндер мен маңызды мәселелер қазақ ономастикасында жетерлік. Филология ғылымдарының докторы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры Бекжан ӘБДУӘЛИҰЛЫ уақыт талабына сай туындап отырған ономастиканың үш бөліміне тиісті назар аударылмай отырғанын айтады. Олар: қалаішілік атаулар, далалық аймақтардағы географиялық нысандардың атаулары, шекара сыртындағы қазақ жер-су атауларының мәселесі.

Қоғам • 20 Тамыз, 2024

Домбыра-думан

Абай күні жыл өткен сайын жаңғырып, жаңа сипатта тойланып келеді. Әсіресе бұл мерекенің жастар арасында маңызы арта түсті. Соның бір дәлелі – елордада өткен «Dombyra party» атты әдеби-сазды кеш. Онда хакімнің әндері шырқалып, өлеңдері оқылды. Жобаның көңіл сүйінер ерекшелігі, ақын шығармашылығына қатысты челлендж 10 тамыздан бастап әр апта сайын жалғасып отырады. Астана қаласы Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы және Сарыарқа ауданы әкімдігінің ыждағатымен жасалған бұл іс-шара ерке Есілдің жағасында, ашық аспан астында ұйымдастырылды.

Тағзым • 17 Тамыз, 2024

Рақымжан Тұрысбек, филология ғылымдарының докторы, профессор: Жүсіпбек – жантанушы жазушы

ХХ ғасыр басындағы қоғамдық қопарылыс пен саяси сапырылыс уақытында азаттық идеясының негізінде ұлттық әдебиет пен мәдениетке, сонымен қатар ұрпақ тәрбиесіне орасан зор еңбек еткен тұлға – Жүсіпбек Аймауытұлы. Ол – ақын, жазушы, драматург, аудармашы, сыншы, публицист ретінде ұлт руханиятын жаңа биікке көтерген қайраткер. Биыл Алаш ардағының дүниеге келгеніне – 135 жыл. Осы орайда қаламгер ғұмырнамасына қатысты екіұшты пікірлердің дұрыс-бұрыстығын анықтау мақсатында белгілі ғалым, профессор Рақымжан Тұрысбекпен сұхбаттастық.