
Қазіргі таңда цехта мұнайшыларға, дәрігерлерге және құрылысшыларға арналған арнаулы киімдер тігіледі. Цехта 20-дан астам білікті тігінші еңбек етіп, жылына 5 мың дана арнайы киім шығарады.
Кәсіпорын өкілі Рената Умбеталиеваның айтуынша, тігін цехы жыл сайын дамып, өндіріс көлемін ұлғайтып келеді.
Мемлекеттен берілетін қолдау біз үшін үлкен мүмкіндік болды. Субсидия алу арқылы кәсібімізді жолға қойдық. Бүгінгі таңда біз үшін ең бастысы - сапа мен тұтынушының сенімі. Болашақта өндірісімізді кеңейтіп, үлкен фабрика ашу мақсатымыз. Бұл арқылы жаңа жұмыс орындарын құрып, өңір экономикасына өз үлесімізді қосқымыз келеді, - деді Рената Умбеталиева.
Бұл бастама аймақтағы шағын бизнестің дамуына, жаңа жұмыс орындарының көбеюіне және жұмысшы мамандықтардың мәртебесін арттыруға серпін беріп отыр.