Абзал МАҚАШ
Абзал МАҚАШ«Egemen Qazaqstan»
1565 материал табылды

Ғылым • Бүгін, 10:15

Күн бетінде екі қуатты жарылыс болды: Жерде дауыл орнауы мүмкін бе?

4 қарашаның кеші мен 5 қарашаның түнінде Күн бетінде Х деңгейіндегі екі ірі жарқыл тіркелді. Бұл туралы Ресей ғылым академиясының Қашықтықтан зондтау және Күн–Жер физикасы институттарының мамандары хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Төтенше жағдай • Бүгін, 09:59

Жүргізуші 12 жастағы қызды қағып, өзі қашып кеткен

Алматыда Есенәлиев көшесінде күндізгі сағат 16:00 шамасында 12 жастағы қызды көлік қағып кеткені хабарланды. Оқиға жаяу жүргіншілер өткелінде болған. Баланы қағып кеткен жүргізуші көлігін тастап, оқиға орнынан бой тасалаған, деп жазады Egemen.kz.

Мәдениет • Бүгін, 08:00

Ақтоғайдан Алашқа дейін

Ақтоғай топырағында дүниеге келген дүлдүлдер мен бұлбұлдардың санында есеп жоқ. Әсет Найманбайұлынан басталған өнер керуені Күләш Байсейітова, Манарбек Ержановтармен жалғасып, «Тоқырауын толқындарына» ұласты. Шығармашылық ұжымның сахнада жүргеніне биыл – елу жыл. Соған орай халықтық ән-би ансамблі Астана көрерменіне есеп беру концертін берді.

Банк • Кеше

Halyk Bank акциясының бір бөлігі сатылатын болды

Еліміздің жетекші қаржы институты – Halyk Bank-тің мажоритарлық акционері «АЛМЭКС» холдингі өз үлесінің бір бөлігін сату мүмкіндігін қарастырып жатыр. Сарапшылардың пікірінше, бұл шешім банк өтімділігін арттырып қана қоймай, отандық капитал нарығын жандандыруға да әсер етуі мүмкін, деп жазады Egemen.kz.

Мәдениет • Кеше

Енді тоғызқұмалақты Пәкістанда да ойнайды

Ұлтымыздың зияткерлік мұрасы саналатын тоғызқұмалақтың халықаралық ауқымы тағы бір елмен толықты. Исламабадта Пәкістан Тоғызқұмалақ федерациясы ашылып, Дүниежүзілік Тоғызқұмалақ федерациясымен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды, деп жазады Egemen.kz.

Жасанды интеллект • Кеше

Илон Маск: 5 жылдан кейін смартфон пайдаланбаймыз

Америкалық кәсіпкер, Tesla мен SpaceX компанияларының негізін қалаушы Илон Маск алдағы бес жылда смартфондар қолданыстан шығып, олардың орнын жасанды интеллектке негізделген құрылғылар басады деп мәлімдеді. Бұл туралы ол танымал тележүргізуші Джо Роганмен сұхбатында айтты, деп жазады Egemen.kz.

Қоғам • 03 Қараша, 2025

Санайғақ: Қазақстан халқы санының қаншаға жеткені хабарланды

Ұлттық статистика бюросы Қазақстан халқының жаңа деректерін жариялады. Ресми мәліметке сәйкес, 2025 жылғы 1 қазанда ел тұрғындарының жалпы саны 20 445 231 адамды құрады, деп жазады Egemen.kz.

Музей • 03 Қараша, 2025

Луврдан құнды жәдігер ұрлағандар қалай құрықталды?

Franceinfo хабарлауынша, Париждегі әйгілі Лувр музейінде бұрын-соңды болмаған ұрлық жасалды. Жексенбі күні таңертең музей ашыла салысымен ішіне белгісіз адамдар кіріп, ерекше құндылығы бар тарихи әшекей бұйымдарды алып кеткен. Сол күннің өзінде музейді толық жауып, тергеу жұмыстары басталып кетті, деп жазады Egemen.kz.

Ғылым • 03 Қараша, 2025

Халықаралық тағылымдамаға құжат қабылдау мерзімі ұзартылды

Еліміздің ғылыми әлеуетін арттыруға және халықаралық деңгейде тәжірибе алмасуына бағытталған «Ғылыми тағылымдамалар» бағдарламасына өтінім қабылдау мерзімі 2025 жылдың 19 қарашасына дейін ұзартылды, деп жазады Egemen.kz.

Саясат • 03 Қараша, 2025

АҚШ Украинаға «Томагавк» зымырандары берілмейтінін мәлімдеді

АҚШ президенті Дональд Трамп алыс қашықтыққа ұшатын «Томагавк» қанатты зымырандарын Украинаға жөнелту жоспарда жоқ екенін мәлімдеді. Бұл туралы DW агенттігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.