Саясат • 16 Желтоқсан, 2025
Орталық Азия мен Корея: экологиялық мәселелер парламенттік деңгейде талқыланды
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бастаған Қазақстан Парламентінің делегациясы Ташкент қаласында Орталық Азия мемлекеттері және Корея Республикасының парламенттері спикерлерінің үшінші кездесуіне қатысты. 2023 жылдан бері жыл сайын өткізіліп келе жатқан іс-шара парламентаралық диалог пен Орталық Азия елдері арасындағы өзара іс-әрекетті нығайтудың тиімді алаңына айналып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 16 Желтоқсан, 2025
Ақмола облысында алты адам қар құрсауынан құтқарылды
Ақмола облысында қарлы боран салдарынан жолда қалып қойған алты адамға құтқарушылар көмек көрсетті. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 16 Желтоқсан, 2025
Жетісуда 32 спорт нысаны салынды
Тәуелсіздік күні қарсаңында Жетісу облысының Лепсі ауылында жатақханасы бар жаңа көпфункционалды спорт кешені пайдалануға берілді. Енді бұл кешенде Лепсі спорт мектебінің тәрбиеленушілері тұрақты түрде жаттығады, деп жазады Egemen.kz.
Руханият • 16 Желтоқсан, 2025
Алматы әкімі «Тәуелсіздік» монументіне гүл шоқтарын қойды
Тәуелсіздік күніне орай Алматыда «Тәуелсіздік» монументіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті, деп жазады Egemen.kz
Қоғам • 16 Желтоқсан, 2025
Астанада Тәуелсіздік мерекесі күні 18 сәби дүниеге келдi
Астана тұрғындары үшін Тәуелсіздік күні тек ресми салтанатты іс-шаралармен ғана емес, қаладағы перзентханаларда дүниеге келген жаңа өмірлермен де есте қалды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 16 Желтоқсан, 2025
Атақты режиссерді өлтірді деген күдікпен оның ұлы ұсталды
Америкалық режиссер Роб Райнер мен оның жұбайы, продюсер Мишель Сингер Райнердің өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалды. Олардың 32 жастағы ұлы Ник Райнер ата-анасын өлтірді деген күдікпен қамауға алынды, деп жазады Egemen.kz
Қоғам • 16 Желтоқсан, 2025
Илон Маск 600 млрд доллары бар жер бетіндегі алғашқы адам атанды
Әлемдегі ең дәулетті адамның бірі Илон Маск тағы бір бедерлі белесті еңсерді. SpaceX компаниясының нарықтағы құны күрт өскен соң, ол байлығы 600 миллиард доллардан асқан алғашқы адам атанды. Бұл туралы Forbes мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 16 Желтоқсан, 2025
Астанада алғаш рет жүргізушісі жоқ автомобиль сынақтан өткізілді
Тәжірибе қала әкімдіктері мен Ішкі істер министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылды. Көлік арнайы полигон аумағында өздігінен қозғалып, жаяу жүргіншілер мен өзге машиналардың алдына келгенде тоқтай алды, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 16 Желтоқсан, 2025
Қызылордадағы 44 млрд теңгелік жоба: өңірді не күтіп тұр?
Қызылорда облысында санитарлық-техникалық өнім өндіру және құрастыру зауытын салу жөніндегі инвестициялық келісімге қол қойылды. Құжатқа өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев, облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев және испаниялық Roca Group компаниясының еншілес кәсіпорны «РОКА Қазақстан» ЖШС-ның бас директоры Даниэль Эрнандес қол қойған. Инвестиция көлемі 44 млрд теңгеден асады, деп жазады Egemen.kz.
Руханият • 16 Желтоқсан, 2025
Бибігүл Төлегенова 96 жасқа келді
Әлем жұртшылығын әнімен тербеген, төрткүл дүниеге қазақ мәдениетін паш еткен өнерпаздың бүгін туған күні. Қазақстан мен КСРО Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Социалистік Еңбек Ері Бибігүл Төлегенова 96 жасқа аяқ басты, деп жазады Egemen.kz.