Абзал МАҚАШ
Абзал МАҚАШ«Egemen Qazaqstan»
174 материал табылды

Қоғам • Бүгін, 08:28

Әлеуметтік масылдықтың мәні неде?

Мемлекет ағзасы – қоғам, ал оның әрбір жасушасы – адам. Жеке адамның болмысындағы жақсы-жаман қасиеттер қоғамның да ахуалынан хабар береді. Адам бойындағы жалқаулық, тоғышарлық, масылдық сияқты мінез кеселдері халық санасына да сіңіп, бүгінде рухани дерттің айқын белгілеріне айналды. Ғылым тілінде мұндай құбылыс «әлеуметтік паразитизм» деп аталады.

Білім • Кеше

Антикадан Астанаға дейін: кітапханалар қалай жаңартылып жатыр?

Адамзат тарихына үңілсек таным үдерісі жылдан-жылға күрделене бергенін байқаймыз. Оны «екінші табиғаттан», яғни адам жасаған мәдени нысандардан анық аңғаруға болады. Кезінде бірқатар сөре, парта, орындық болса, ол бөлме оп-оңай «кітапхана» атана беретін. Ол уақытта кітапхананың басты міндеті кітапты сақтау, ал оқырмандікі оны оқумен ғана шектелетін. Бұл түсінік бүгін түбегейлі өзгерді. Қазір адам ақпаратқа емес, кеңістікке зәру. Алған білімін бөлісетін, пікір алмасатын жер іздейді. Шығармашылық ортаға енгісі келеді. Сайып келгенде ішкі әлемін ретке келтіретін мекенге мұқтаж. Осы сұраныс кітапхананың мазмұнын кеңейтті. Ол енді жай ғана кітап сақтайтын орын емес, әлеуметтік, мәдени, зияткерлік үдерістер тоғысатын тірі ағзаға айналды.

Қоғам • 25 Желтоқсан, 2025

Жаңа жылдың тарихы қандай?

Келер күннен үміт етіп, жаңа жылдан жарылқау күту – адамзат табиғатында ежелден бар үрдіс. Оны тек әр халық өз дүниетанымына, ғұрпына сай жасайды. Мәселен, біздің заманымыздағы тарихи жәдігерлерді санамағанда, жаңа жылды тойлау туралы деректер ежегі Месопотамия мен Мысыр ескерткіштерінде сақталған. Ал сіз бен біздің көзіміз үйренген Жаңа жыл форматы қалай қалыптасты? Шырша ағашының символдық мәні қандай? Зерделеп көрдік.

Тұлға • 24 Желтоқсан, 2025

2025 жылы қандай тұлғалармен қош айтыстық?

Дүниенің басы – сайран, аяғы – ойран. Таудай тұлғаларын бақиға жөнелткен халқымыз жылан жылын жылап аяқтап отыр. Күні кеше Қазақстанның Еңбек Ері, Халық әртісі Асанәлі Әшімовті жер қойнына тапсырдық. Өткенге салауат айтып, 2025 жылы марқұм болған ардақтыларды еске түсірейік.

Экономика • 17 Желтоқсан, 2025

Тау-кен ісінің дамуына не кедергі?

Елімізде геологиялық барлау саласы күрделі кезеңге аяқ басты. Ел экономикасының негізгі ұстындарының бірі саналатын бұл бағытта жүйелі реформалар мен ауқымды инвестициясыз алға жылжу қиын, деп жазады Egemen.kz.

Қоғам • 28 Қараша, 2025

Баланы кибершабуылдан қалай қорғаймыз?

Цифрлы технологиялардың кернеуі күннен күнге күшейіп барады. Бұл заманда интернет – ақпарат алу көзі ғана емес, өмір сүру кеңістігіне айналып үлгерген. Балалар осы кеңістікте өсіп келеді. Ойнайды, білім алады, достасады, ренжіседі, бәрі де – онлайн. Алайда технологияның беретін мүмкіндіктерімен қатар, одан келетін  қауіп те жоқ емес. Алгоритм жүйесі адамның жас ерекшелігін толық ажырататын деңгейге жеткен жоқ, ал цифрлы платформалар жасөспірімдерді манипуляциядан, агрессиядан, тіпті қылмыскерлерден қорғауға келгенде қауқарсыз.

Қоғам • 27 Қараша, 2025

Медиа этика механикасы

Философиядағы іргелі пәндердің бірі – этика. Ол ұждан, адамгершілік, әдеп категориясымен түсіндіріледі. Адамның ойлау жүйесі таңдау алгоритміне негізделгендіктен, этикаға сай шешім қабылдау өмір сапасына тікелей әсер етеді. Интернетке әркімнің қолы жететін, цифрлық технологияның кернеуі күшейген заманда әркім медиатұтынушы әрі оны жасаушы бола алады. Сондықтан бірқатар ақпарат агенттігі аудитория мен ақшаны көптеп тарту үшін түйсігіне түнегеннің бәрін жасайды. Бұл қоғамдық дүрдараздыққа апаратын қауіпті құбылыс. Сол үшін масс медиада қызмет ететін мамандарға  этикалық қағидаларды меңгеру, оны қызмет аясында қолдану маңызы арта түсті.

Ғалам ғажаптары • 25 Қараша, 2025

Ортақ дәстүр

Ата-баба аруағына тағзым етіп, құран бағыштайтын елміз. Шелпек пісіріп, иіс шығару қазақ дүниетанымының ежелден жал­ғасқан дәстүрі. Алайда дәл осы түсінік қиырдағы мекси­калық­тарда да бар болып шықты.

Ғалам ғажаптары • 25 Қараша, 2025

Ертегіде ғылыми шындық бар

Қазақ баласын ең әуелі ғарышқа самғатқан – Тазша бала. Әйгілі қырық өтірігінің бірінде ол жеті жылқысын жоғалтып алады.

Руханият • 24 Қараша, 2025

Шығармашылық зертхана: Лев Толстойдың жас жазушыларға кеңесі

«Нағыз сұмдық – біздің жұмыс һәм мұны бізден өңге ешкім білмейді». Бұл ақыл-ой арыстаны Лев Толстойдың Афанасий Фетке айтқан сыры болатын. Жазушы еңбегіне қатысты мұндай дәл анықтама табыла қоймас. Орыс хакімінің артында қалған тоқсан том еңбегі – әлем әдебиетіне қосылған орасан олжа. Қаламгердің шығармашылық мұрасын қаттаған Борис Эйхенбаум Толстойдың мұқым еңбегі әлемдегі ең көлемді Брокгауз бен Ефронның энциклопедиялық сөздігінен де зор екенін жазады. «Мұны баспа табағына шақсақ, шамамен үш мың табақ болады! Ал бетпен есептесек – елу мыңнан астам парақ шығады! Ал мұның бәрін қолжазба күйінде көрсеңіз, әсері әсем-ақ. Ал редактор үшін бұл – қиямет-қайым». Енді осы орайда сұрақ туады. Лев Толстой неге мұнша көп жазды? Ондағы жазушылық мұраты не? Жазу барысында нендей кезеңдерді бастан өткерді? Мұның бәріне Толстойдың шығармашылық зертханасынан жауап табамыз.

Яндекс.Метрика