Шаруашылық • 17 Ақпан, 2026
Тері өңдеу зауыттарына 10 млрд теңгеге жуық инвестиция салынады
Елімізде жүн мен мал терісін өңдеу саласының өндірістік қуаты қайта қалпына келтіріле бастады. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 17 Ақпан, 2026
«Жұп-тақ күндер» режимі: Кей қалаларда көлік қозғалысы шектелуі мүмкін
Еліміздің бірқатар қаласында ауа алмасуы нашарлап, қолайсыз метеожағдай қалыптасқан күндері автокөлік қозғалысына уақытша шектеу енгізу жоспарланып отыр. Мұндай кезде көшеге шығуға көліктің мемлекеттік тіркеу нөміріндегі соңғы санға қарай ғана, яғни жұп немесе тақ күндері рұқсат берілуі мүмкін, деп жазады Egemen.kz.
Банк • 17 Ақпан, 2026
Тұтынушылық несие нарығындағы қауіп: Берешек көлемі неге өсуі мүмкін?
Қазақстанның банк секторындағы несиелендіру қарқыны бәсеңдегенімен, халықтың борыш жүктемесіне қатысты алаңдаушылық сейілмей тұр. Сарапшылардың ескертуінше, алдағы жылы банктер үшін ең әлсіз тұс – тұтынушылық несиелер болуы ықтимал. 2026 жылға арналған банк секторы бойынша болжамында S&P Global Ratings дәл осы бағытта тәуекелдің күшеюі мүмкін екенін атап өтті, деп жазады Egemen.kz.
Жасанды интеллект • 17 Ақпан, 2026
Технологиялық алпауыттар жасанды интеллектіге 700 млрд доллар инвестиция салды
2026 жылы әлемдегі ірі технологиялық корпорациялар жасанды интеллектіні дамытуға бағытталған инвестиция көлемін күрт арттырды. ЖИ-инфрақұрылым мен әзірлемелерге жұмсалған жиынтық шығын 700 млрд долларға жетіп, рекордтық деңгейге шықты. Бұл қадам жаһандық технология нарығындағы бәсекені жаңа кезеңге шығарды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 17 Ақпан, 2026
Тұрғын үй кезегі қалай жұмыс істейді?
«Тұрғын үй кезегі» дегенде көп адам қарапайым тізімді елестетеді. Алдындағы адам азайған сайын пәтер жақындай түсетіндей. Алайда іс жүзінде бұл жүйе басқаша. Кезек – пәтерді автоматты түрде алу жолы емес, мемлекеттік қолдауға қол жеткізудің тетігі. Яғни субсидия, жалдамалы тұрғын үй немесе жеңілдетілген ипотека алу мүмкіндігі. Бірақ бұл тек талаптарға сай келіп, өз мәртебеңізді үнемі тексеріп отырған жағдайда ғана іске асады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 17 Ақпан, 2026
Пәтердің техникалық паспорты жойыла ма?
Әлеуметтік желілерде «пәтердің техникалық паспорты енді болмайды» деген мазмұндағы жазбалар тарады. Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мұны жай қауесет деп атап, құжаттың қолданыста қала беретінін мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 17 Ақпан, 2026
Блогердің жазбасынан кейін Рудный ауруханасына жоспардан тыс тексеру басталды
Блогер Татьяна Турлай жариялаған деректерге байланысты Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Рудный қалалық көпбейінді ауруханасы» КМК қызметіне қатысты жоспардан тыс тексеру басталғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 17 Ақпан, 2026
«Burger King-тегі» дау: Еңбек министрлігі тексеруді бастады
Аутизм спектрінің бұзылысы бар жас қызметкерге қатысты жағдай қоғам назарын аударды. Burger King Kazakhstan мейрамханалар желісінде жұмыс істеген Әлібек Қаратайдың анасы ұлына жұмыс орнында қысым көрсетілгенін айтып, бұл жайтты ашық көтерді. Оның айтуынша, шамамен төрт жыл бойы аспаз болып еңбек еткен жас жігіт соңғы уақытта қалыптасқан ахуалдың салдарынан жұмыстан кетуге мәжбүр болған, деп жазады Egemen.kz.
Өнер • 16 Ақпан, 2026
Неге өнер бәріне бірдей әсер етпейді?
Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» романына қатысты мына бір пікірді жиі естиміз. Эпопеяны әртүрлі жаста оқыған адам оны әрқалай түсінеді. Мәтін өзгерген жоқ, оқырман да баяғы. Бірақ мұнда таным өзгерді, қабылдау күрделенді. Енді оқырман әлдеқашан көзінің нұры, қолының табы қалған қалған сарғыш парақтардан түйсігіне түнемеген жаңа бір әлемді ашады. Немесе керісінше. Біреуге өте керемет көрінген шығарма біреуге түк те әсер етпейді. Неге бұлай? Асылында бұл сұрақтың жауабы көркем қабылдаудың өте күрделі табиғатында жатыр.
Президент • 16 Ақпан, 2026
Мемлекет басшысы сумошы Ерсін Балтағұлды қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев сумо спортының отаны Жапонияда зор жетістікке жеткен қазақстандық балуан Ерсін Балтағұлмен кездесті, деп жазады Egemen.kz.