Ата заң • 09 Ақпан, 2026
«Ардагерлер ұйымы» жаңа Конституция жобасын қолдады
Жаңа Конституция жобасында аға буынның мүддесіне тікелей қатысты маңызды нормалар қарастырылған. Осыны атап өткен Қазақстан ардагерлер ұйымы әзірленген Ата заң жобасын қолдайтынын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Ата заң • 09 Ақпан, 2026
Конституциялық комиссия жаңа Ата заңда волонтерлік қызмет мәртебесін бекітуді қолдады
Еліміздің жаңа Конституциясы жобасына азаматтар мен сарапшылар қауымдастығының ұсыныстары негізінде бірқатар маңызды толықтыру енгізілді. Оларды Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның оныншы отырысында Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов, таныстырды. Ұсыныстардың ішінде волонтерлік қызметті конституциялық деңгейде бекіту бастамасы қолдау тапты, деп жазады Egemen.kz.
Логистика • 09 Ақпан, 2026
Қазақстан Қытай арқылы транзиттік автотасымалдау құқығын алған алғашқы ел атанды
Еліміз халықаралық автомобиль тасымалдарының географиясын жүйелі түрде кеңейтіп келеді. 2025 жылы ел 42 мемлекетпен үкіметаралық келісімдер жасасып, автотранзит пен экспорт-импорт бағыттарын әртараптандыруға нақты қадам жасады. Бұл шешімдер отандық тасымалдаушылардың сыртқы нарыққа шығуын жеңілдетіп, өңірлік логистикадағы Қазақстанның рөлін күшейтуді көздейді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 09 Ақпан, 2026
Тұрғын үй кезегі қайта жүйеленді: Кімдерге жеңілдік беріледі?
Елдегі тұрғын үй кезегіне қатысты сауал көбейген тұста Отбасы банк тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың деректерін орталықтандырылған түрде жүргізу және мемлекеттік қолдауды әділ бөлу үшін қабылданған нақты шешімдерді жария етті. Банк бұл шаралар кезектен негізсіз шығарылу қаупін азайтып, әлеуметтік осал санаттардың құқығын қорғауға бағытталғанын айтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 09 Ақпан, 2026
Оқу-ағарту министрі: Буллинг үшін директорды жұмыстан босату орынсыз
Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованы Атырау облысында болған оқушылар арасындағы буллинг жағдайына қатысты пікір білдірді. Оның ойынша, бұл мәселе мектеп директорын қызметтен босатумен шешілмейді, деп жазады Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 09 Ақпан, 2026
Таразда анасы екі баласын терезеден лақтырып жіберді
Тараз қаласында қайғылы оқиға тіркелді. Көпқабатты тұрғын үйдің терезесінен екі бірдей жас баланы анасы лақтырып жіберген. Оқиға Төле би даңғылы бойындағы жатақханада болған, деп жазады Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 09 Ақпан, 2026
Ресейден қуылған Нұрлан Сабуров алғаш рет мәлімдеме жасады
Орыс сахнасында өнер көрсетіп, танымалдыққа ие болған Нұрлан Сабуровқа Ресейге 50 жылға кіруге тыйым салынды. Осы жағдайға байланысты әзілкеш көпшілік алдында алғаш рет үн қатты. Өнерпаз бұл мәселемен заңгерлер айналысып жатқанын айтып, тергеу аяқталғанға дейін егжей-тегжейлі түсініктеме беруден бас тартты, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 09 Ақпан, 2026
Зейнетақы төлемі кешікпеуі үшін не істеу қажет?
Зейнет жасына таяған азаматтар үшін ең өзекті сұрақтың бірі – зейнетақы жинақтарын уақтылы және дұрыс рәсімдеу. Әлеуметтік кодексте бекітілген талаптарға сәйкес, кесте бойынша ай сайынғы зейнетақы төлемдері Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры арқылы жүзеге асырылады. Бұл төлемдер зейнет жасына жеткендерге, сондай-ақ бірінші немесе екінші топтағы мерзімсіз мүгедектігі бар азаматтарға беріледі, деп жазады Egemen.kz.
Тұлға • 09 Ақпан, 2026
Бүгін – Мұқағали Мақатаевтың туған күні
Дәл осы күні поэзия мұзартының мұзбалағы Мұқағали Мақатаев дүниеге келген. Биыл ақиық ақынның 95 жылдық мерейтойы, деп жазады Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 09 Ақпан, 2026
Оралда алимент төлемеген борышкер бас бостандығынан айырылды
Кәмелетке толмағандардың мүддесін қорғау – прокуратура қызметіндегі негізгі басымдықтардың бірі. Осы бағытта Орал қаласында жүйелі жұмыс жүргізіліп, нақты нәтижеге қол жеткізілді, деп жазады Egemen.kz.