
ЕО-ның бәсекелестік мәселелері жөніндегі комиссары Тереза Рибера «Шынайы еркіндік бәрі тең жағдайда бәсекеге түскенде және азаматтарда таңдау құқығы толық сақталғанда ғана болады» деп мәлімдеді.
Google-ге бұл тәжірибені тоқтатып, жағдайды түзету тапсырылды. Компания 60 күн ішінде Еурокомиссияға нақты жоспар ұсынуы керек.
Алайда Google айыппұлмен келіспей отыр. Компанияның вице-президенті Ли-Энн Малхолланд:
«Еурокомиссия негізсіз айыппұл салып отыр және талап етіп отырған өзгерістер мыңдаған еуропалық компаниялардың табысын қиындатады. Жарнама берушілер мен сатып алушыларға қызмет көрсетуде ешқандай бәсекеге қарсы әрекет жоқ, балама қызметтер бұрынғыдан да көп», деді.
Бұған дейін Калифорния соты Google компаниясына пайдаланушылардың деректерін заңсыз жинағаны үшін 314 миллион доллар айыппұл салған. Bloomberg дерегінше, Android қолданушыларының деректері келісімсіз жиналған.