Қоғам • 07 Қараша, 2025
Қазақтың демографиялық өсімі «Бір қозы туса, бір түп жусан артық шығады» деген ұғым-түсінігіне тәуелді секілді көрінеді. Ұлтымыз ұлы ұстаным, ұран етіп, жалауындай биікке көтеріп келе жатқан осы мәтелдің ішкі иірімі мен табиғатынан халқымыздың Тәңірге деген берік сенімін көре аламыз.
Пікір • 01 Қараша, 2025
«TikTok» бүгінде көбінесе сөз аңдығандар мен тілі мен жағына сүйенгендердің, іші пысқаннан ермек іздегендердің қызығына айналды...
Қоғам • 31 Қазан, 2025
Италия халқының Абайға құрметі
Римдегі Вилла Грациоли саябағында (Parco di Villa Grazioli) қазақ халқының ұлы ақыны әрі ойшылы Абай Құнанбайұлы бюстінің салтанатты ашылуы өтті. Іс-шараға Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Қазақстан Республикасының Италия Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Ерболат Сембаев, италиялық зиялы қауым өкілдері мен Қазақстанның ресми делегациясы мүшелері қатысты.
Кітапхана • 21 Қазан, 2025
Кейінгі бес жылда архив, кітапхана және кітап ісі саласында ілгерілеу бар. Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, осы салалардағы кадрлық әлеуетті нығайту және халықаралық ынтымақтастықты кеңейту бағытындағы жұмыс ауқымды.
Кино • 21 Қазан, 2025
Мәдениет және ақпарат министрлігі ұлттық киноны дамыту және халықаралық деңгейде ілгерілету жұмысын жалғастырып келеді. Былтырдан бері отандық туындылар 300-ден астам халықаралық кинофестивальға қатысып, 177 жүлде иеленді. Осы аралықта Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы түрлі жанрдағы 119 киножобаны жүзеге асырды.
Қоғам • 18 Қазан, 2025
Азаматтар автокөлікті лизинг арқылы ала алады
Жеке тұлғалар үшін жеңіл автокөлік сатып алуға лизинг тетігі енгізілуде, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 18 Қазан, 2025
Минуттық төлем жүйесі енгізілуі мүмкін
Астанада ақылы автотұрақтарда минуттық төлем жүйесі енгізілмек, деп жазады Egemen.kz.
Қылмыс • 18 Қазан, 2025
Lenovo директорын өлтіруге тапсырыс берген күдікті Дубайда ұсталды, деп жазады Egemen.kz.
Басылым • 09 Қазан, 2025
Президент архивінде ХХ ғасырдағы ірі мемлекет және қоғам қайраткері Нығмет Нұрмақовтың өмірі мен қызметіне арналған «Нығмет Нұрмақов. Құжаттар мен материалдар» атты тарихи-құжаттық жинақтың тұсаукесері өтті. Кітапта оның реформаторлық қызметі, елді индустрияландыруға қосқан үлесі және отбасылық трагедиясы архив деректері негізінде көрсетілген.
Ұлттық спорт • 08 Қазан, 2025
«Ұлттық жоба дәстүрді жаңғыртып, рухты шыңдайды»
Жуырда «Amanat» партиясының қолдауымен Қостанай облысының Торғай аумағында Алаш арысы Міржақып Дулатұлының 140 жылдығы және Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында халықаралық «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесі өтті. Айтулы шараға елімізден және шетелден 18 команда қатысып, 90 жүйрік бағы мен бабын сынады. Торғайдан бастау алған жорық Арқалық қаласына ат басын тіреді. Жол қашықтығы – 500 шақырым. Бірінші орынды бауырлас қырғыз елінің командасы алса, екінші орынды Ақтөбе облысының командасы, ал жүлделі үшінші орынды Қостанай облысының командасы еншіледі.Осы дүбірлі дода туралы республикалық «Joryq» ат спорты федерациясының құрметті президенті, Парламент Сенатының депутаты Дархан Қуандықұлы Қыдырәлі мырзамен сұхбаттасқан едік. Жорық жайы туралы сол сұхбатты назарларыңызға ұсынамыз.