Кітапхана • Бүгін, 08:28

Құндылықтарымыз құнтсыз емес

20 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Кейінгі бес жылда архив, кітапхана және кітап ісі саласында ілгерілеу бар. Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, осы салалардағы кадр­лық әлеуетті нығайту және халықаралық ынты­мақ­тастықты кеңейту бағытындағы жұмыс ауқымды.

Құндылықтарымыз құнтсыз емес

Сурет: aqiqat.kazgazeta.kz

«Кітапхана ісі, ақпаратты өңдеу және архив ісі» бо­­­йын­ша мемлекеттік білім тап­­сырысы екі есе өскен. Бакалавриат бойынша грант саны 20-дан 100-ге дейін көбейді. Мемлекет бас­шы­сының тапсырмасы­на сәйкес архив және кітап­хана саласына маман даярлауға еліміз­­­­дің бес өңірі­не қосымша 89 грант бөлінді.

Жамбыл облысындағы Қордай және Жамбыл аудан­­­дық архивтеріне, Ақтө­бе облысындағы Темір аудан­­­дық архивіне, сондай-ақ Астанадағы Президент ар­­хи­віне жаңа ғимараттар пайда­ла­нуға берілді.

2023 жылы Президент бастамасымен жас жазушылар мен ақындарға арналған президенттің арнайы әдеби сыйлығы тағайындалды. Сыйлық «Проза», «Поэзия», «Балалар әдебиеті» және «Драматургия» аталымдары бойынша әр жеңімпазға жүлде қоры – 4,1 миллион теңге. Мемлекет бас­шы­сының 2023 жылы Түркіс­танда өткен Ұлт­­тық құрылтайда берген тап­сырмасына сәйкес «Қазақ­стан­ның халық жазушысы» құрметті атағын қайта енгізу – қаламгерлер еңбе­­гі­нің ресми бағалануы.

Биыл 23 сәуірде Мем­­ле­кет басшысының бастамасымен Ұлттық кітап күні алғаш рет аталып өтті. Мереке ба­ры­сында «Ұлттық кітап» бай­қауы­ның жеңімпаздары мара­­пат­талды.

«Архив – 2025» жобасы аясында 14 елден мыңнан астам бірегей тарихи құжат жиналды. Сәйкесінше, Ұлт­­­тық архив халықаралық ынты­мақтастықты дамыт­ты. Сауд Арабиясы, Ре­сей, Литва, Түркия елде­рінің архивтерімен меморан­думдарға қол қойы­лып, құ­жат­­тық мұраны цифр­­­лан­­­дыру және сақтау жоба­­лары жүзеге асырылды.

Қазақстан Жазушылар одағы Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің қол­­­­­дауымен үш ірі жобаны жүзеге асырып жатыр. Атап айтқанда, «Жаңа Қа­зақс­­­тан­­­ның әдеби-таным­дық панорамасы», «Жазу­шылардың әдеби шеберлік мектебі» білім платформасы және ТМД елде­рі­нің архивтерінде отандық авторлардың шығар­машы­лығын зерттеу бойынша ғылыми бағдарлама.

Бүгінде республика бо­йынша Президент архиві мен төрт арнайы мем­­лекеттік архивті қоса алғанда, бар­лығы 236 архив меке­месі жұ­мыс істейді. Ұлттық архив қорында 74,5 мың қорды қам­титын 27,8 миллионнан астам сақтау бірлігі бар.