Жолдыбай БАЗАР
Жолдыбай БАЗАР«Egemen Qazaqstan»
696 материал табылды

Экология • 23 Сәуір, 2025

Қарт Каспийге қамқорлық қамы

Қазақстан ғалымдарының келтірген деректеріне қарағанда, Каспий теңізі деңгейі төмендеп келе жатыр. 2050 жылға қарай бұл төмендеу 33 метрге дейін жетуі ықтимал, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ең қысқа әңгіме • 22 Сәуір, 2025

Күтпеген жауап

Күн аяз. Намаз оқуға мешітке келдім. Имам уағыз айтып жатыр екен. Оң жақ бұрышқа таман отырған екі адамның қасына жайғастым. Бірі жастау, екіншісі қырықтан асқан қырма сақал. Сыртқы пошымдарына қарағанда, жан бағысқа қара жұмысты кәсіп етіп жүргендер сыңайлы. Сәлден кейін әлгі екеудің бірі – жас жігіт маған қарап: «Осы имамдар о дүниенің жәннатына қызықтырып, тозағымен қорқытып-үркітіп болды-ау, әйтеуір. Бейне бір сол жақты көріп келгендей сөйлейді өздері. Бар-жоғы белгісіз, қайдағы бір о дүние жөнінде миды ашытты ғой мынау да» деді имамды иегімен нұсқай күбірлеп.

Ең қысқа әңгіме • 18 Сәуір, 2025

Қайырымды амал

– Біздің көкем қызық, – деді 8-сынып­та оқитын ұлы шешесіне түскі ас үс­тін­де, – кім көрінгенге жем болады да жү­ре­ді.

Таным • 11 Сәуір, 2025

Бір кем әрекет

Ол ықпалды еді. Қолында билігі бар. Қаржысы да жеткілікті. Ұлынан үлкен үміт күтті. Білім-ғылым меңгертіп, келешекте үлкен ғалым, атақты академик болғанын қалады. Бірақ молшылық жан-жаққа мойынын бұрғызбаған ұл мектепті ә дегеннен жарытар сыңай танытпады, оқу десе бетін тыржитты.

Мың бір мысал • 05 Сәуір, 2025

«Жеміс»

– Шал, сен балаңа майда-шүй­де­лердің көзінше жекіп, жерге тыққандай ұрсып сөйлеуді қой, – деді кейуана елу жыл­дан ас­там уақыт отасып келе жатқан ша­лына.

Наурызнама • 18 Наурыз, 2025

Қанға сіңген тәрбиеде қасиет бар

Бүгінде бізге дәстүрлі отбасылардың азаюы себебінен пайда болатын ауыр салдарларды зерттеу, зерделеп-талдау өте маңызды. Зерттеу нысандары ретінде Еуропаның бірқатар мемлекетін, сондай-ақ, өз еліміздегі аталған мәселе тұрғысындағы ахуалды қарастыруға әбден болады. Осы бағыттағы талдау жұмыстарын жүргізіп, Ұлттық баяндама жасалуына мемлекет баса назар аударса, біз бүгініміз бен болашағымызға қатысты аса маңызды қажеттіліктердің нақ өзін анық көрген болар едік. Бұл өз кезегінде алдағы ұлттық мақсат-міндеттерімізді белгілеуде үлкен көмегін тигізері сөзсіз...

Таным • 18 Наурыз, 2025

Отамалы туралы орамды ой

Ет желініп болып, бата қайырылды. Іле Пірмахан жәкем Құран аяттарының бірін үйреншікті мақамына салып, тебірене оқыды. Молда көкемнің көктемнің жылы лебіндей жұмсақ та құлаққа жағымды үні тым-тырыс бола қалған үй ішін кедергісіз кезді, көңілдерді нұрландырды. Арабшаны ұқпайтын, мағынасы түсініксіз болса да Құран сөзі дегенде у-шу, әрің-күрің әңгімесін саппа тыйып, қимыл-қозғалысы сілтідей тұнатын жұрт жәкем «әумин» дегенде барып еркін тыныстап, қолдарын жайды. Дұға тілек айтылып, бата берілді.

Әдебиет • 07 Наурыз, 2025

«Қайран да менің боз дөңiм...»

«Көзімнен жаңбыр жауғанын,Сездің бе, туған тауларым.Баурыңа жетіп лауладым...Қызарып күндей батқалы,Өзіңе келдім жатқалы...». Бұл – қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, тағдырлы ақын Төлеужан Ысмайыловтың «Абыралымен арыздасу» атты өлеңінен үзінді. Ол небәрі қырық жасында өмірден озды, өзі суреттегендей, туған тауларына көз жасын жаңбырша төгіп, қызарып барып батқан күндей мәңгілік мекеніне жол тартып кете барды.

Руханият • 26 Ақпан, 2025

Дүниежарыс

Оны Құдай дүние-мүкамалға кенде қылмады. Бала-шағасы бар, бау-шарбағы, бәрі-бәрі  түгел. Солай бола тұра көзі де, көңілі де аш. Зарлайды да жүреді. Аузынан шығатын ең көп сөз – «жоқ, жоқ». Алыс-беріске сараң. Қанағат деген қасиетті ұғым санасында туа бітті болмаған сияқты. Бірақ, жастау кезінде жөні түзу адам еді... Соңғы кездері қатты өзгерді, теріс жағына. Мұны құртқан – кім ұйымдастыратыны белгісіз тәрізді көрінгенімен негіз қалаушы нәпсі деген құдірет екенін көпшілік үштей түйсінетін дүниежарыс атты «чемпионат». Бұл біріншіліктің қатысушылары да белгілі-белгісіз, сондықтан жеңімпаз анықтала қоймайды, демек ешкім де марапатталмайды. Сонда да қатысушылар саны өте көп, қисапсыз. Осы миллиардтардың ішінде бұл да жүр.

Ең қысқа әңгіме • 05 Ақпан, 2025

Құбылмалы

– Оу, Қалақайға не болған? Бұрынғы қалпынан ауытқып, шіреніп, кердеңдеп, талтаңдап, шалқайып, маңызданып, маң­ғазданып, бәлсініп, кесапаттана қалыпты...