Жолдыбай БАЗАР
Жолдыбай БАЗАР«Egemen Qazaqstan»
696 материал табылды

Ең қысқа әңгіме • 01 Ақпан, 2025

Өзін сатқан бала

Түтілген мақтадай жұқа ақ бұлт батысқа қарай еңкейіп бара жатқан күн көзін жапты. Ұлы алаудың көл-көсір нұры көмескіленді. Көк жүзі көгіс тартты...

Тәрбие • 30 Қаңтар, 2025

Әке мен бала

Үй ішіндегі екеу. Әке мен бала.«Ей, жалған дүние-ай!» деді жас жігіт даусын көтере сөй­леп, әлдебір әңгіме бас­та­ғысы келген сыңай таныта.

Мирас • 29 Қаңтар, 2025

Қазақ һәм тұлып

Айтар әңгімесін «Е-ее, біз не көрмедік?!» деп күрсіне бастаушы еді кешегі үлкендер. Иә, олар – соғысты, аштықты, соның зардапты салдарлары жоқшылық, жетімдік пен жесірлікті көрді. Бейнет кешті, қашты, тығылды, жалтақ-жалтақ күн кешті. Сондықтан да олардың  айтар әңгімесін «Е-ее, біз не көрмедік?» деп бастауға моралдық тұрғыда толық қақылары бар еді. Солар сияқты біз де кейде әңгімемізді «Е-ее, біз не көрмедік?» деп бастап кеткіміз келіп тұрады.

Ең қысқа әңгіме • 23 Қаңтар, 2025

Естірту – есті дәстүр, ерек ғұрып

Қазақтың қай салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, жөн-жоралғысын алып қарасаңыз да тәнті болмасқа лажыңыз жоқ. Ұлтымыздың осынау ұлағатты құндылықтарында терең мағына, тәрбиелік мән-мәніс, өмір қағидаларына темірқазық боларлық қасиет тұнып тұр ғой, тұнып тұр. Әттең-ай, әттең, осы байлығымыздың мейілінше мұртын бұзбай тұтынар ел қайда? Мұның басым бөлігі мына өзгермелі, жүйткіген әлемнің жасық та жылтырақ, жарнамасы жаналқымнан алған дүниесымақтарының тасасында еленбей қалып бара жатқандай.

Кино • 22 Қаңтар, 2025

Тұлғалар туралы телехикая түсірілді

Келесі жылы ғасырлық мерейтойы аталып өтетін Қазақ театрының тарихы халықтық байырғы шығармалардың сахналануымен және осы жұмыстың бастауында тұрған тұлғалар есімімен тікелей байланысты. Бұл тұлғалардың ішінде Ахмет Жұбанов, Латиф Хамиди, Жұмат Шанин, Евгений Брусиловский, Мұқан Төлебаев бастаған қайраткерлер бар. Олар халқымыздың ежелгі әдеби шығармаларын театр өнерімен шебер ұштастырып, опера, пьеса, спектакль, симфония ретінде жарық көруіне өлшеусіз үлес қосты, ұлттық өнерге үлкен олжа салды.

Ең қысқа әңгіме • 22 Қаңтар, 2025

Кінә

Ол өзінің бүгінгі тіршілігіне көңіл толмаушылығын білдірді: «Егер мектептегі мұғалімдерім жақсы болғанда мен өстіп қолыма күрек ұстап қара жұмыс істеп жүрер ме едім... Түк үйретпеді, бәрі шетінен дым білмейтін. Солардың кесірінен міне жүрісіміз осы».

Ең қысқа әңгіме • 21 Қаңтар, 2025

Қой мен қасқыр

Сол жылы әлдебір себеппен Бетпаққа көшпейтін болдық. Жаз жайлауымыз – Қаратаудың бір пұшпағы Қарақұр қойнауының орта тұсындағы Көкбұлақ аумағы болып белгіленген. Кеңшар басшылығы әкемнің өтінішін ескере келіп солай шешіпті... Мамырдың соңғы аптасынан бастап шопандар жаппай Бетпаққа көш түзеді. Мыңғырған малдың аузы мен тұяғынан төл қоралар маңы жылан жалағандай болған соң жұрттың бәрі қоныс аударуға құмбыл. Біз де Көкбұлаққа көшеміз деп етек-жеңімізді жинай бастағанымызда әкем Байдалы: Бала-шаға тауының етегіндегі Жарма тұмаға екі-үш апта аялдаймыз, қозылардың аяқтанғанын күтеміз», деді.

Ең қысқа әңгіме • 14 Қаңтар, 2025

Тосынсый

Екі құрдас Мөрхан тұрғыластарының алпыс жылдық мерейтойынан қайтып келеді... Аздап қызулары бар.

Таным • 11 Қаңтар, 2025

Ұтылсақ, кінә өзімізде

Мектеп көрмеген, кітап бетін ашпаған, топқа түсіп, жұртпен араласып та жарытпаған, балалық шағынан бастап айдалада қой соңында күнін өткізген, солай бола тұра әңгімелесе қалсаң сөздің мәйегін ағызатын туысқан ағам жиі еске түседі. Ол сөйлегенде аузым ашылып қалатын. Көмейінен мақал-мәтел, нақылдың, тұрақты сөз тіркестерінің неше атасын естисің. Қайдан біледі екен соның бәрін? Біз өскен ортада мұндай жандар көп болатын. Ал қазір ше...

Пікір • 07 Қаңтар, 2025

Адал азамат ұғымы

Шалкиіз жыраудың «әділ төре ел бас­тар» деген сөзі бар. Жыраулар поэзиясын­да кеңінен насихатталған бұл ұғымдар ке­йін Абай, Шәкәрім еңбектеріне ұласты. «Адал жүріп, адал тұр, счетің тура келуге» де­генде Абай қоғам мен Құдай алдындағы есепті қоса айтқанға ұқсайды. Адамдық қасиет­тің негізі саналатын осы адал­дық ұғы­мын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың бас­ты ұстыны еткені тегін дейсіз бе? Біз­­дің халықтың сонау түп-танымынан келе жат­қан қасиеттер негізінде «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты тұжырымдама ұсынып, жасампаздық және жаңашылдық басты құндылықтарымыздың бірі екенін атап көрсетті. Президенттің айтуынша, бұл құндылықтарды басты назарда ұстау бү­гінгі өзгермелі әлемде ұлтымыздың мерейін өсі­ріп, жаһандық бәсекеге қабілетті болуы­мызға мүмкіндік береді.