Ең қысқа әңгіме • 14 Қаңтар, 2025
Екі құрдас Мөрхан тұрғыластарының алпыс жылдық мерейтойынан қайтып келеді... Аздап қызулары бар.
Таным • 11 Қаңтар, 2025
Мектеп көрмеген, кітап бетін ашпаған, топқа түсіп, жұртпен араласып та жарытпаған, балалық шағынан бастап айдалада қой соңында күнін өткізген, солай бола тұра әңгімелесе қалсаң сөздің мәйегін ағызатын туысқан ағам жиі еске түседі. Ол сөйлегенде аузым ашылып қалатын. Көмейінен мақал-мәтел, нақылдың, тұрақты сөз тіркестерінің неше атасын естисің. Қайдан біледі екен соның бәрін? Біз өскен ортада мұндай жандар көп болатын. Ал қазір ше...
Пікір • 07 Қаңтар, 2025
Шалкиіз жыраудың «әділ төре ел бастар» деген сөзі бар. Жыраулар поэзиясында кеңінен насихатталған бұл ұғымдар кейін Абай, Шәкәрім еңбектеріне ұласты. «Адал жүріп, адал тұр, счетің тура келуге» дегенде Абай қоғам мен Құдай алдындағы есепті қоса айтқанға ұқсайды. Адамдық қасиеттің негізі саналатын осы адалдық ұғымын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың басты ұстыны еткені тегін дейсіз бе? Біздің халықтың сонау түп-танымынан келе жатқан қасиеттер негізінде «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты тұжырымдама ұсынып, жасампаздық және жаңашылдық басты құндылықтарымыздың бірі екенін атап көрсетті. Президенттің айтуынша, бұл құндылықтарды басты назарда ұстау бүгінгі өзгермелі әлемде ұлтымыздың мерейін өсіріп, жаһандық бәсекеге қабілетті болуымызға мүмкіндік береді.
Қоғам • 25 Желтоқсан, 2024
Адал адам - әділетті қоғам тірегі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы наурыз айында өткен Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты отырысында жасампаздық және жаңашылдықты басты құндылықтарымыздың бірі екенін атап көрсетті. Президенттің айтуынша, бұл құндылықтарды басты назарда ұстау бүгінгі өзгермелі әлемде ұлтымыздың мерейін өсіріп, жаһандық бәсекеге қабілетті болуымызға мүмкіндік береді.
Ең қысқа әңгіме • 11 Желтоқсан, 2024
Әлеуметтік желі: әдеп пен мәдениет
Ағам амандасу мақсатында ұсынған қолымды жөндеп алмады. Қолын немқұрайды соза салды. Теріс қарап отырып алды. Түсі суық көрінетін, бірақ іші жылы ағамның кейде өстіп қалатыны бар. Онысы – өтірік өкпелегенсігені, назданғаны, өзімсінгені. Мұны біліп тұрсам да жеңгеме қарап «тыныштық па?» дегендей иек қақтым. Жеңгем оң көзін қысып, жымия басын шұлғыды. Мұнысы «ағаңды өзің түсінесің, әлденеге ренжіп отырғанын саған өзімсініп сездіріп жатқаны, оның үстіне әлдебір әңгіме бастарда кіріспесін осындай әрекетпен әрлейтінін білесің ғой» дегені.
Пікір • 28 Қараша, 2024
Біз өз құндылықтарымызды нақтылап, екшеп, таразыға салып, тани білмесек, оларды қоғамымызды дамытуда, ұлтымыздың келешегін қамдау жолында басшылыққа алмасақ, өзіндік ұстаным, таным-түсінік, болмысымызды, ұлттық келбетімізді сақтай отырып өркениет көшіне ілесе алмаймыз. Сондықтан бізге жалпыұлттық құндылықтар жүйесін белгілеп, оны бекіту аса маңызды.
Ең қысқа әңгіме • 23 Қараша, 2024
Шымкентте тұрғанымызда өзара сәлеміміз түзу бір көрші жігіт болды, менен жасы кіші. Ол азанда жұмысына нық басып кетіп бара жатады, ал кешке көбіне үйіне мас күйде сүріне-қабына келе жатқаны. Өзі – құрылысшы. Жалпы, жайдары жігіт... Шалт қимылды. Сөзшең. Жайшылықтың өзінде, яғни ішпей-жемей-ақ еліріп, екпіндеп сөйлейді, жүрісі де жылдам. Онсызда ішінде «қызуы көтеріліп» жүретін жан спиртті ішімдік ішсе, не болады?..
Ең қысқа әңгіме • 16 Қараша, 2024
«Бар екен ғой, бар екен жақсы адамдар»
Өзім тікелей куә болған осы бір оқиға туралы кімге айтпадым десеңізші... Талайлармен өзара әңгімелесулерде тақырып ауаны жол көлік оқиғасы немесе қайырымдылық бағытына ойысса мен жұмбақтап отырған сол бір көрініс есіме түсе кетеді.
Пікір • 03 Қараша, 2024
Берқайырдан сыр тартсаңыз, бүгінгі қазақ қоғамының тыныс-тіршілігінен молынан хабардар боласыз. Оқығаны, одан түйгені көп. Өзі байқағыш. Аңғарымпаз. Сондықтан да болар, қоғамдағы барлық жетістік пен жасампаз істер, қойыртпақ пен келеңсіздік жөніндегі ақпараттар ішінде толып жүреді.
Қоғам • 02 Қараша, 2024
Шынайы бәсекелестік шыңдай түседі
«Ксерокс» майлы жілік болып тұрған кез. Осындай құрылғысы бар адам күзірлі еді. Оның қызметіне жүгінбейтін жан кемде-кем. Байың да, бағыланың да, кедейің де, кепшігің де «ксерокске» кіріптар. Сұралған құжаттарды кез келген жерде бүгінгідей смартфонмен сканерлеп «ватсап», «телеграм» қосымшалары арқылы жолдау немесе көрсете салу әлі пешенеге жазыла қоймаған.