Мирас • 04 Қыркүйек, 2025
Түркістан облысындағы Созақ және Көктөбе ауылдарының дәл ортасында Жақ деп аталатын төбешік орналасқан. Жұрт мұны Жақтөбе деп атап кеткен. Осы төбенің үстіндегі шағын ғана аумақты алып жатқан қорымның шығыс тұсында өз алдына оқшаулау орналасқан үш төмпешік – үш қабір жатыр. Мұның екеуінде Досымет Шаяхметов пен оның немересі жерленген. Ал үшіншісі Досымет қарияның «Господин» деген жүйрігінікі.
Әлем • 30 Тамыз, 2025
Жапония смартфон қолдануды шектемек
Жапонияның Тойоакэ қаласының атқарушы билігі тұрғындардың жұмыстан және мектептен тыс уақытта смартфон пайдалануын күніне екі сағатқа шектеуді ұсынып отыр, деп жазады Egemen.kz жапониялық Japantimes сайтына сілтеме жасап.
Зерде • 28 Тамыз, 2025
Бала мектепті тәуір-ақ оқыған. Бірақ ұлттық бірыңғай тестілеуден төмен балл жинап қалды. Мұнымен мемлекеттік грант жалын да сипатпасы белгілі. Бұған ренжіңкіреген әкесі «Осы жұрттың баласы...» деп әңгіме бастағалы отырды да, райынан қайтты. ҰБТ-дан жоғары балл иеленіп, танауы делдиіп жүрген пәленшенің, түгеншенің баласын мақтап, өз перзентін тұқыртқысы келмеген.
Экономика • 27 Тамыз, 2025
Ерлан Сағынаев Ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды
ҚР Үкіметінің қаулысымен Ерлан Ермекұлы Сағынаев ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Үкіметтің Баспасөз қызметі хабарлайды.
Ең қысқа әңгіме • 26 Тамыз, 2025
Телефон қоңырауы соғылды. Белгісіз нөмір. Сәл кідіріңкіреп барып, телефонға жауап берді. Арғы жақтан қарлығыңқы дауыс шықты. Телефон соққан ауылда тұратын, көптен бері хабарласпай кеткен туысқан ағасы екен.
Спорт • 24 Тамыз, 2025
«Атлетико Мадрид» футбол академиясы ашылды
Алматы облысында, дәлірегі Алматы қаласынан 40 шақырым жерде әйгілі испандық клубтың академиясы өз жұмысын бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 24 Тамыз, 2025
Әлеуметтік желідегі заңсыз ұтыс ойындарына қатысты тексеріс басталды
Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі Instagram әлеуметтік желісіндегі «Zhanabylov_e» және «elt6i» аккаунттарында өткізілген бағалы сыйлықтарды ұтысқа салуға қатысты түсініктеме берді, деп жазады Egemen.kz.
Айтыс • 25 Шілде, 2025
Жақында Ақтау қаласында республикалық командалық ақындар айтысының финалы өтті. Бұл шешуші сында Қарағанды мен Түркістан облыстарының өнерпаздары бақ сынады. Көрермен көңілін тербеген, рух пен ұлт мұратын жырмен өрген сайыста екі облыс та командалық айтыстың жеңімпазы атанды. 2024 жылдың наурыз айында шымылдығын түрген бұл ауқымды жобаның мақсаты не? Жоба ұлттық өнерге деген жаңаша көзқарастың қалыптасуына мұрындық бола алды ма? Осы сауалдар бойынша «Amanat» партиясы Орталық аппараты Саяси жұмыс департаментінің директоры, айтыс жанашыры Еркебұлан Жаулыбаевпен сұхбаттасқан едік.
Мәдениет • 11 Шілде, 2025
Балет әлеміндегі бірегей бастама
5-6 шілдеде «Астана Балет» театрының сахнасында көптен күткен «Carmina Вurana» балет-кантатасының – хор, оркестр және балет труппасы алғаш рет бір сахнада тоғысқан бірегей жобаның тұсаукесері өтті.
Әлем • 10 Шілде, 2025
Тайвань соғысқа дайындалып жатыр
Сәрсенбі күні Тайвань аумағында жыл сайын өтетін «Хань Куанг» әскери жаттығулары басталды. Биылғы оқу-жаттығу 10 күнге созылады. Бұл әдеттегіден екі есе ұзақ мерзім. Оған 20 мыңнан астам резервист пен азаматтық тұлғалар тартылған, деп жазады Egemen.kz.