Тарқата айтар болсақ, бір топ адам үш жыл бойына Алматыдағы Арнайы халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлерімен жең ұшынан байланысып, олардың көмегімен көліктерді бастапқы тіркеу үшін белгіленген алымдарды төлемей, тіркеуді заңсыз жүргізіп келген. Бұл заңсыз әрекеттерін көліктерді жалған тұлғалардың атына рәсімдеу арқылы жасырырған. Арнайы халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері ақпараттық жүйеге жалған мәліметтер енгізіп, көлік құралдарын заңсыз тіркеуді қамтамасыз еткен. Соның кесірінен 132 автокөлік заңсыз тіркеуге қойылып, мемлекетке 1,2 млрд теңгеден астам залал келтірілген. Тергеу барысында 273 млн теңге көлеміндегі алымдар ерікті түрде өтелді.
Сот үкімімен үш кінәлі 3 жылдан 4 жыл 6 айға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылды, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған 7 автокөлік тәркіленді.