Түрлі сала өкілдерін бір мақсатқа біріктірген акция барысында 100-ден астам ағаш көшеті отырғызылды. Алайда бұл жолғы шара тек көгалдандырумен шектелмей, стратегиялық маңызға ие болды.

Шараның ең маңызды сәті – үш ірі ұйым арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылуы. Бұл құжат қоғамда экологиялық мәдениетті дамытуға, әлеуметтік жауапкершілікті арттыруға және табиғатқа ұқыпты қарау құндылықтарын бірлесе ілгерілетуге бағытталған.

Мұндай бастамаларда коммуналдық қызмет саласы қызметкерлерінің рөлі ерекше. Олар күнсайын қала тазалығы мен тәртібін қамтамасыз етіп, тұрғындар үшін жайлы әрі қауіпсіз ортақалыптастырады. Саладағы жетекшікәсіпорындардың бірі – «Астана Тазалық» ЖШС, мұнда 2000-нан астам қызметкер еңбек етеді және500-ден астам арнайы техника жұмылдырылған.

«Мұндай акциялар – тек қаланыкөгалдандыруға қосылған үлес қана емес, сонымен қатар экологиялық мәдениеттіқалыптастырудың маңызды тетігі. Әртүрлі салаөкілдерінің бір мақсатта бірігуі қоғамда жаңажауапкершілік мәдениетін қалыптастырады», деді «Астана Тазалық» ЖШС бас директорыАльберт Есалиев.
Өз кезегінде медицина саласының өкілдері деэкологиялық акциялардың маңыздылығын атап өтті.
«Қоршаған ортаның тазалығы – халықденсаулығының маңызды факторы. Дәрігерлерқауымы үшін мұндай акцияларға қатысу – кәсібиәрі азаматтық міндет», деді Ұлттық шұғылмедицинаны үйлестіру орталығының Басқарматөрағасы Ержан Әділбеков.
Ал білім беру саласының өкілдері мұндай іс-шаралардың жастардың экологиялық санасынқалыптастырудағы рөліне назар аударды.
«Мұндай бастамалар студенттер үшін үлкентәрбиелік мәнге ие. Жастар табиғатты қорғаудыңмаңызын іс жүзінде түсініп, қоршаған ортағажауапкершілікпен қарауды үйренеді», деді кәсіптік-техникалық колледж директорының міндетінатқарушы Жанна Баймұратова.