Теннис • Бүгін, 16:41

Жібек Құламбаева Қытайда өткен турнирдің чемпионы атанды

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Қытайдың Баотоу қаласында өткен ITF W50 сериясындағы халықаралық турнирде жұптық сында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жібек Құламбаева Қытайда өткен турнирдің чемпионы атанды

Турнирдің ақтық сынында Жібек Құламбаева ресейлік Екатерина Рейнгольдпен жұптасып, Дилетта Черубини (Италия) мен Ченги Юань (Қытай) тандеміне қарсы кортқа шықты.

Төрт бірдей теннисшіміз әлемдік рейтингтің ТОП-10 тізіміне енді

Финалдық кездесуде Жібек Құламбаева ресейлік Екатерина Рейнгольд ойын тізгінін алғашқы минуттардан-ақ өз қолына алды. Нәтижесінде олар қарсыластарынан екі сетте де 6:1, 6:1 есебімен басым түсіп , турнирдің бас жүлдесін иеленді.

Соңғы жаңалықтар