
Мәжіліс депутаттарының сауалына жауап берген Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек осылай деп отыр. Енді ақылы автотұрақтарда тұру құны минутпен есептелуі мүмкін. Бұл өзгерістер «Астана тұрақ кеңістігі» ЖШС-мен мемлекеттік-жеке әріптестік шарты бұзылғаннан кейін күшіне енеді.
Алдын ала қарастырылып жатқан тарифтер:
- Шлагбаумы бар (алаңдық) тұрақтар – сағатына 300 теңге;
- Ашық (кедергісіз) тұрақтар – сағатына 100 теңге.
- Жүргізілген талдауға сәйкес, жеке меншік автотұрақтарда сағаттық ақы 300 теңгеден 5 000 теңгеге дейін өзгеріп отырады, деді қала әкімі.