
Қоғам • 18 Қаңтар, 2025
«Мархабат» журналы қанат қақты
Әл-Фараби атындағы Шымкент қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің, сондай-ақ, халықаралық «Түркі әлеміне қызмет» сыйлығының иегері, Оңтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы, белгілі жазушы Мархабат Байғұттың 80 жылдығына орай «Мархабат» журналы мен Markhabat.kz әдеби-ақпараттық портал таныстырылымы болып өтті. Жиынға жазушының үзеңгілес серіктері, қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, идеология саласына жауапты Шымкент қаласы мен Түркістан облысы әкімдерінің орынбасарлары, сондай-ақ Жамбыл облысынан арнайы қонақтар қатысты.
Таным • 17 Қаңтар, 2025
Араб жиһанкезінің түріктер туралы айтқандары
Ахмад ибн Фадлан әл-Бағдади – Х ғасырда өмір сүрген араб ойшылы әрі жиһанкезі. Оның «Түрік, хазар, орыс, бұлғар елдерін сипаттайтын ибн Фадлан жазбасы» деген әйгілі шығармасы бар. Бұл еңбекте Аббасидтер халифатының Бұлғарияға елшілік жіберуі, оны бастап барған ибн Фадланның Орта Азия мен қазіргі Ресей жеріндегі халықтардың тұрмыс-тіршілігі жөнінде жинаған құнды деректері келтірілген. Тарихи құжат тұрғысынан өте шынайы әрі маңызды дереккөз болғандықтан, қаншама ғасыр өтсе де тарихшылар әлі күнге шейін ибн Фадлан еңбегіне сүйенеді. Араб жиһанкезі викингтердің өмір салты туралы да керемет жазбалар қалдырған.
Мәселе • 15 Қаңтар, 2025
Жұрт пікірін екіге жарған су мәселесі
Халықты ширек ғасырдан аса уақыт бойы үздіксіз ауызсумен қамтамасыз етіп келе жатқан «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС мен жергілікті әкімдік арасында талас-тартыс басылмай тұр. Қала әкімдігі аталған кәсіпорынды стратегиялық нысан ретінде мемлекет меншігіне қайтаруды көздесе, серіктестік басшылығы оны заңсыз деп тауып, өз қарсылығын білдіріп жатыр.
Шымкент • 11 Қаңтар, 2025
Бәсекелестікті күшейтетін бастама
Ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұлов Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде халықпен есептік кездесу өткізіп, атқарылған жұмыстар туралы баяндады.
Аймақтар • 09 Қаңтар, 2025
Шымкент әуежайында жаңа терминал іске қосылды. Бұл шаһардың әуе қақпасының мүмкіндігін анағұрлым арттыра түспек. Инфрақұрылымдық жаңғырту бағытындағы ауқымды жоба сөзсіз қала өміріндегі айшықты оқиға болып тұр.
Заң мен Тәртіп • 24 Желтоқсан, 2024
Бюджет қаржысын жымқырғандар жазасын алды
Шымкент қалалық прокуратурасы қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасының бастығы Бақытжан Байғозиев өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте жасөспірімдерге қатысты құқықбұзушылықтар жөнінде статистикалық мәліметтерді баяндады. Ол биыл 11 айда мегаполисте жасөспірімдер жасаған қылмыс саны азайып, кәмелет жасқа толмағандарға қарсы жасалған қылмыс саны өскенін айтты.
Шымкент • 24 Желтоқсан, 2024
Үкімет энергетика, коммуналдық шаруашылық саласын жаңғырту мақсатында ұлттық жоба әзірлеп жатыр. Құжат жақында қабылданады. Шымкент қаласын сумен жабдықтаушы мекеме «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС Ұлттық жобада үлгілі кәсіпорын ретінде қарастырылып отыр.
Денсаулық • 18 Желтоқсан, 2024
Шымкент қалалық психикалық денсаулық орталығында науқастарға арналған мектеп ашылды. Оның мақсаты – адамды есінен айырып, өзіне тәуелді қылатын түрлі психотропты заттарға уланған жандарға психологиялық көмек көрсету. Аталған мектеп, сонымен бірге нашақорлық пен есірткі бизнесіне, ойын бизнесі мен лудоманияға қарсы іс-қимыл кешені жоспарын, наркологиялық, токсикологиялық көмекті жетілдіру шараларын іске асыру жөніндегі Жол картасын орындау мақсатында ашылып отыр.
Жоба • 12 Желтоқсан, 2024
Жас экологтердің озық жобалары
Жасыл экономика мен қоршаған ортаны қорғау мәселесі жастарды да толғандырады. Осы орайда Шымкенттегі М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің белсенді студенттері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясына қолдау білдіріп, тың жобаларды қолға алды.
Әскер • 11 Желтоқсан, 2024
35748 әскери бөлімі мергендер взводының сержанты Әсілбек Қарабай Қазақстан Қарулы күштері сержанттарының арасындағы XIV бүкіл армиялық конкурсында жеңімпаз атанды. Бұл жарыста ол «Үздік взвод сержанты» аталымында жеңіске жетіп, батылдық пен кәсіби шеберліктің жарқын үлгісін көрсетті.