Тренинг барысында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған АИТВ-ға тестілеудің жаңа алгоритмі таныстырылды. Сонымен бірге, АИТВ-диагностикасындағы жедел-тесттерді қолдану, олардың сапасына қатысты мәселелер талқыланды. Семинарда сондай-ақ еліміздегі 20 өңірдің АИТВ (ЖИТС) орталықтарының зертхана мамандары тәжірибесімен бөлісті.
Шаһардағы ЖИТС-орталығының бас дәрігері Б.Сырбек өз сөзінде АИТВ-ны ерте анықтау аурудың асқынып кетпеуінің кепілі екенін атап өтті.
«Шымкент қалалық ЖИТС-орталығының АИТВ-инфекциясын диагностикалаудағы тәжірибесі мол. Орталық зертханасы 2020 жылы ИСО 15189 халықаралық сапа мен қауіпсіздік стандарттына сәйкес аккредиттелді. Мекеме заманауи диагностикалық анализаторлармен жабдықталған. Зертхана мамандары тек ТМД мемлекеттерінде ғана емес, АҚШ, Еуропа, Корея елдерінде де біліктілігін арттырған. АИТВ-ға тестілеудің жаңа алгоритміне өту нәтижесінде АИТВ-инфекциясын ерте анықтауға, антиретровирусты терапияны ерте бастауға сол арқылы науқастардың өмір сапасын жақсартуға қол жеткізілді», деді ол.
Шымкент