Әнуар ЖҰМАШБАЕВ
Әнуар ЖҰМАШБАЕВ«Egemen Qazaqstan»
266 материал табылды

Шымкент • 04 Қазан, 2023

Қала жылу маусымына дайын

Жуырда Шымкентке Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов арнайы іссапармен келіп кетті. Сала өкі­лінің төрағалығымен құрылған комиссия қала әкімі Ғабит Сыздық­бековпен бірге шаһардың қысқы жылыту маусымына дайындығын тексерді.

Баға • 03 Қазан, 2023

Бағаның тұрақтылығы қадағаланады

Шымкент қаласы ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше биыл мегаполис шаруалары 27,5 мың гектарға егін екті. Егістіктен дәнді дақылдар-11,4 мың га, майлы дақылдар-3,6 мың га, мал азықтық дақылдар-8,9 мың га, картоп-0,5 мың га, көкөніс пен бақша дақылдары-3,1 мың га құрайды. Бүгінгі таңда шаруалар 83,2 мың тонна өнім жинап үлгерді. Жиын-терім науқаны аяқталғанша өнім 87,1 мың тоннаға өседі деген болжам бар. Тарқатып айтсақ дәнді дақылдардан-16,9 мың тонна, майлы дақылдардан- 2,9 мың тонна, көкөніс пен бақшадан-42,4 мың тонна, картоптан – 5,2 мың тонна, мал азығы дақылдарынан – 15,8 мың тонна өнім алынды.

Технология • 02 Қазан, 2023

Отандық технологияға арқа сүйеген кәсіпорын

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі өңірлерде «Отандық өндіріс» медиажобасын қолға алды. Жоба мақсаты – отандық өндірісті насихаттау және кәсіпорындардың беделін көтеру. Соған орай БАҚ өкілдері арасында баспасөз туры ұйымдастырыла бастады. Журналистер жуырда медиажоба іс-шарасымен «Alageum Electric» холдингтік компаниясының құрамына кіретін «Кентау трансформатор зауыты» АҚ мен Шымкенттегі «Asia Trafo» ЖШС-да болып қайтты.

Шымкент • 02 Қазан, 2023

Сапаға мән берген кәсіпорын

Президент Жолдауында монополияның табысын инфрақұрылымдарды жаңартуға жұмсауды қамтамасыз ету тапсырылған еді. Осыған орай «Тарифті инвестицияға айырбаста» тарифтік саясаты қабылданды. Өйткені бүгінгі таңда елімізде инфрақұрылымдық жүйелердің жартысынан астамының тозығы жеткен. Бұларды тариф есебінен жаңалау күн тәртібіндегі мәселеге айналды.

Шаруашылық • 28 Қыркүйек, 2023

Мақта шаруашылығы мемлекет қолдауына мұқтаж

Түркістан облысында мақта теру науқаны басталды. Осыған орай БАҚ өкілдері «Қазагроқаржы» АҚ ұйым­дастырған баспасөз турымен Ордабасы ауданы Төрткөл ауылын­дағы «Рамазан-Агро» ЖШС-ның егіс­ті­к алқабында болып, мақта өңдеу зауы­ты­ның жұмысымен танысып қайтты.

Экология • 18 Қыркүйек, 2023

Еңбек пен руханият ұштасып...

«Kieli tabigat» экологиялық акциясы Шымкент қаласында да барлық өңірдегідей бірдей уақытта ұйымдастырылды. Ішкі саясат басқармасы мен Жастар ресурстық орталығының ұйытқы болуымен шаһардағы тарихи нысандарда экологиялық сенбілік өтті.

Медицина • 15 Қыркүйек, 2023

Мегаполис медицинасының сапасы

Республиканың үшінші мегаполисі медициналық кластер бойынша қарқынды даму үстінде. Олай дейтін себебіміз, бүгінде Үкімет пен жергілікті әкімдік тарапынан және шетелдік, отандық инвесторлар арқылы шаһарда түрлі жобалар іске асырылып, саладағы қызмет сапасы жақсарып келеді. Енді солардың әрқайсысына жеке-жеке тоқталып өтсек.

Еңбек • 13 Қыркүйек, 2023

Еңбек озаттары марапатталады

Президент тапсырмасын іске асыру мақсатында былтыр «Қоғамда еңбек құн­дылығы идеологиясын ілгерілетудің 2023-2025 жылдарға арналған ке­шенді жоспарын» бекіткен еді. Сонымен бірге Үкімет қаулысымен елімізде қыр­күйектің соңғы жексенбісі Еңбек күні болып жарияланды. Бүгінгі таң­да даталы күнді атап өтуге байланысты тиісті іс-шаралар атқарылып жатыр.

Жастар • 12 Қыркүйек, 2023

«Біз жанбасақ лапылдап...»

Шымкенттегі Жастар ресурстық орталығы жақсы бастаманың жаршысына айналып келеді. Бұл жоба «Жас кәсіпкермен сұхбат» деп аталады. Аталған іс-шарада орталық мамандары грант немесе несие алып, жеке кәсібін дөңгелеткен жас іскер азаматтармен сұхбат құрады. Оны әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жариялап, кең жұртқа насихаттайды.

Қылмыс • 11 Қыркүйек, 2023

Жалған сусын жасаушылар ұсталды

Қаржылық бақылау агенттігінің баспасөз қызметі хабар­лаған­дай, аталған агенттік­тің Шым­­кент қаласы бойынша департаменті үшін­ші мегаполисте танымал энергетикалық сусынды жасырын түр­де шығарған цехты анықтаған. Департамент бизнес құқық­тарын қорғау және көлеңкелі экономикамен күрес бойынша жүргізіп жатқан жұмыстары аясында заң бұзушылықтың жолын кесті.