Taza.kz
Әнуар ЖҰМАШБАЕВ
Әнуар ЖҰМАШБАЕВ«Egemen Qazaqstan»
658 материал табылды

Шымкент • Кеше

«Шымкентцементтің» өніміне шетел де қызығады

«Шымкентцемент» серіктестігі 1958 жылы құрылған. Нысан мегаполистегі алғашқы кәсіпорындардың бірі саналады. Сондай-ақ шаһардағы ірі өндіріс орын­да­рының қатарына кіреді. Зауыт ішкі нарықты цемент өнімдерімен қам­тамасыз етіп отыр. Жылына 1,3 млн тонна түрлі маркадағы цемент шы­ғарады.

Шымкент • Кеше

Құрылыс саласын ауқымды өзгеріс күтіп тұр

Шымкенттегі «Көрме орталығында» «Aqqala Build Shymkent 2026» халықаралық B2B құрылыс форумы мен көрмесі өтті. Оған шетелдік және отандық құрылыс компанияларының өкілдері, құрылыс материалдарын өндіруші кәсіпорындар қатысты. Сондай-ақ мемлекеттік органдар өкілдері, инвес­торлар, сәулетшілер мен құрылыс материалдарын жеткізуші мекемелердің қызметкерлері шақырылды.

Балалар • 04 Маусым, 2026

Балалар мерекесіндегі шаттық күй

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Шымкенттегі Орталық саябақта «Бақытты шақ» атты мерекелік іс-шара өтті. Оған қаладағы түрлі шығармашылық орталықтың өнерпаз оқушылары қатысты. Алдымен қонақтарға фотокөрме мен мольберттегі сурет көрмесі, үрмелі аспаптар оркестрінің салтанатты шеруі және домбырашылар оркестрінің концерті ұсынылды. «Ұлттық өнер – ұрпаққа мұра» атты тақырыпта жас қолөнершілердің шеберлігі көрсетілді. Жеткіншектер саз балшықтан құмыра, ағаш, былғарыдан бұйымдар, қағаздан көркем туындылар, сымтемірден шағын мүсіндер жасады. Сондай-ақ келушілерге қуыршақ дайындау әдісі мен ұлттық үстел ойындары таныстырылды. Қысқасы, мерекелік іс-шара барысында балалар көтеріңкі көңіл күймен жұртшылыққа өз өнерлерін тарту етті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, Халықаралық балалар күнін атап өтудегі мақсат – өрендердің таным-түсінігін кеңейтіп, рухани қолдау көрсетіп, сондай-ақ жас ұрпақты патриоттыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеп, оларға ұлттық құндылықтарды дәріптеу.

Аймақтар • 18 Мамыр, 2026

«Бір белдеу – бір жол»: Әуезов университетінде Қытай орталығы ашылды

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде «Бір белдеу – бір жол» бизнес-орта қызметтерін дамыту жөніндегі Қытай орталығы ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Экология • 23 Сәуір, 2026

RES 2026 халықаралық саммиті: Әуезов университеті ғалымдарының экологиялық жобалары таныстырылды

Астанада бірқатар ел басшыларының қатысуымен өткен Өңірлік экологиялық RES 2026 саммиті аясында жасыл технологиялар көрмесі ұйымдастырылып, онда М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің ғалымдары өздерінің бірегей ғылыми жобаларын ұсынды. Ауқымды жиын экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және жасыл энергетиканы дамыту мәселелерін талқылауға арналды, деп жазады Egemen.kz.

Заң мен Тәртіп • 17 Сәуір, 2026

Құқықтық сауатты арттыратын алаң

Азаматтардың құқықтық сауатын арттыру, мемлекеттік қызметтерге қолжетімділікті жеңілдету – маңызды істің бірі. Осы мақсатқа орай Шымкент қаласында «Құқық кабинеті» жобасы жүзеге асырылып келеді. Бұл бастама тұрғындарға тегін заңгерлік көмек көрсетіп, құқықтық ақпараттың ашықтығын қамтамасыз етудің тиімді құралы болып отыр.

Форум • 28 Наурыз, 2026

«Digital Qazaqstan 2026»: Жаңашылдық пен ықпалдастық алаңы

Еліміз цифрлық экономиканы дамытуда жасанды интеллектіні кеңінен енгізуге басымдық беріп отыр. Бұл бағыттағы жаңа ше­шім­­дер мен бастамалар Шымкент­те өткен «Digital Qazaq­stan 2026» форумында танысты­ры­лып, технологиялық инфрақұ­ры­лым, адам капиталы мен инно­ва­циялық кәсіпкерлікті қолдау тетік­тері сараланды. Жиында ұсы­нылған жобалар елдің цифр­лық экожүйесі кезең-кезеңімен қа­лып­тасып келе жатқанын көрсетті.

Дәстүр • 21 Наурыз, 2026

Жарапазан айтып жарысты

Шымкентте республикалық «Жарапазан Fest» байқауы өтті. Еліміздің әр өңірінен командалар келіп қатысты. Өнер ұжымдары өз аймақтарының мақамымен Жарапазан жырын орындап берді.

Референдум • 15 Наурыз, 2026

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков референдумда дауыс берді

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков республикалық референдумға қатысып, өз дауысын берді. Мегаполис басшысы «Түркістан» сарайында орналасқан №231 сайлау учаскесінде дауыс берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Референдум • 15 Наурыз, 2026

Шымкентте ұландықтар референдумда алғашқылардың бірі болып дауыс беруді аяқтады

Шымкент қаласында орналасқан Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы 6506 әскери бөлімінің әскери қызметшілері жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі республикалық референдумға алғашқылардың бірі болып қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Яндекс.Метрика