Әнуар ЖҰМАШБАЕВ
Әнуар ЖҰМАШБАЕВ«Egemen Qazaqstan»
488 материал табылды

Шаруашылық • 11 Маусым, 2025

Шаһар шаруаны ширатса игі

Жемқорлық қоғам дерті деп бекер айтпайды. Өйткені ол елдің дамуын тежейді. Адам санасында бәрін ақша шешеді деген ой қалыптасса, қоғамда әділдік, сенім жоғалады. Жемқорлық араласқан жұмыс та сапасыз болады. Ал одан жапа шегетін – қарапайым халық пен мемлекет. Сондықтан парақорлықпен күрес әр азаматтың міндеті болуға тиіс және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзімсіздік мәдениеті қалыптасуы керек.

Аймақтар • 04 Маусым, 2025

Рәміздер мерекесі патриоттық тәрбиенің бастауы

Шымкенттің Шымсити шағынауданында орналасқан биік тутұғыр алаңында еліміздің Рәміздер күні мерекесі аталып өтті. Биылғы мерекенің жөні ерекше болды. Ұйымдастырушылардың айтуынша жүз метрлік флагштоктың алдында мерекені тойлау биыл бірінші рет болып тұр. Рәміздер күні жыл сайын «Тәуелсіздік» алаңындағы биіктігі 50 метрлік тутұғыр жанында мерекеленетін, деп жазады Egemen.kz.

Құқық • 04 Маусым, 2025

Алаяқтардан сақтану жолы

Шымкентте екі күн қатарынан жастардың қаржылық сауатын арт­тыруға арналған іс-шара ұйымдастырылды. Бұл – Қаржылық мониторинг агенттігі қолға ал­ған бастама. Соның ая­сын­да қаладағы колледж бен жоғары оқу орны сту­дент­теріне «Қар­жы­лық қауіпсіздік негіз­дері» тақырыбында маңыз­ды дәрістер оқылды. Ондағы басты мақсат – жас­тар­ды қаржылық алаяқ­тар­дан қорғау, дер кезінде дұрыс шешім қабылдауға үйрету.

Қылмыс • 04 Маусым, 2025

Шымкентте алтын сатушыға ақша бергендер сан соғып қалды

Елімізде жылдан жылға қаржы пирамидалары саны көбейіп барады. Олар артыңнан адам кіргізсең жылдам табыс табасың деп халықты алдап, сеніміне кіріп бар ақшасын қағып алып жатыр, деп жазады Egemen.kz.

Жемқорлық • 03 Маусым, 2025

Шымкентте жемқорлық қылмысы тыйылмай тұр

Жемқорлық – қоғам дерті деп бекер айтпайды. Өйткені ол елдің дамуын тежейді. Адам санасында бәрін ақша шешеді деген ой қалыптасса және ол нақты іспен көрінсе қоғамда әділдік, сенім жоғалады. Жемқорлық араласқан қызмет те жұмыс та сапасыз болады. Ал одан жапа шегетін қарапайым халық пен мемлекет. Сондықтан парақорлықпен күрес әр азаматтың міндеті болуға тиіс және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзімсіздік мәдениеті қалыптасуы керек, деп жазады Egemen.kz.

Балалар • 30 Мамыр, 2025

Жаз қызығы басталды

Оқу жылы да тәмамдалды. Оқушылар жазғы демалысқа шықты. Мектеп түлектері үшін өмірдің жаңа кезеңі басталса, төменгі сынып жеткіншектері жазғы демалысты қызықты өткізгісі келеді. Бұл мәселе ата-аналарды да толғантады.

Шымкент • 28 Мамыр, 2025

«Қиял әлемі» көзден ғайып болды

Шымкентте ширек ғасырдан астам халыққа қызмет көрсеткен аттракциондар паркі «Қиял әлемі» саябағы қызметің біржолата тоқтатты, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі. 

Өндіріс • 27 Мамыр, 2025

Аяқкиім фабрикасы қайта жанданды

Кеңес заманында Шымкентте жеңіл өнеркәсіп саласында сапалы тауар шығарған кәсіпорындар болды. Олардың атағы бүкіл одаққа дүркіреп, өнімдерін халық сүйсіне тұтынды. Сондай кә­сіп­орынның бірі «Заря» аяқкиім фабрикасы еді.

Балалар • 24 Мамыр, 2025

Бала рұқсат етілмеген аумақта шомылса, ата-ана айыпты

Шымкентте шомылу науқаны басталды. Күн ыстықта жұрт өзен-көл жағалап кететіні белгілі. Үлкендермен қалыспай балалар да суда шомылғысы келеді. Бірақ бір өкініштісі қауіпсіздік ережелерін сақтауға келгенде көпшілік немқұрайлы қарайды. Соның салдарынан кейде қайғылы жағдайлар орын алып жатады.

Шымкент • 22 Мамыр, 2025

Он оқтың жетеуі Шымкент қорғасынынан құйылды

Екінші дүниежүзілік соғыста фашистік Германияны жеңуге кеңес одағындағы республикалармен бірге Қазақ елі де аянбай үлес қосты. Миллионнан аса қазақ сарбаздары майдан даласында соғысса, тылда да «Бәрі де майдан үшін, бәрі де жеңіс үшін» деген ұранмен тынымсыз еңбек етті. Қызыл әскерді оқ-дәрі, керек-жарақпен қамтамасыз ету жағынан Қазақстан алдына жан салған жоқ. Соның бірі – аты тарихта қалған Шымкенттегі қорғасын зауыты.