Аймақтар • Кеше

Полиция жылды қорытындылады: Нәтиже қандай?

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкент қаласының Полиция департаменті өткен жылғы жұмыстарын қорытындылады. Алдағы күнге жоспарларын белгіледі. Кеңеске Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха төрағалық етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Полиция жылды қорытындылады: Нәтиже қандай?

Жиын аясында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мен профилактикалық жұмыстың тиімділігін арттыруға бағытталған кешенді шаралар баяндалды. Соның  нәтижесінде тіркелген қылмыстардың саны азайып, олардың ашылу деңгейі артқан. Атап айтқанда, қоғамдық орындарда жасалған қылмыстар 20%, көшелердегі қылмыстар 24% төмендеген. Ал жол-көлік оқиғалары салдарынан болатын өлім деңгейі 25% кеміген.

Құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында патрульдеу бағыттары қайта қаралып, жаяу патрульдер саны артты. Профилактикалық шаралардан кейін 11 ойын-сауық мекемесі өз қызметін тоқтатты.

Полиция департаменті өкілдерінің айтуынша, қала аумағында қазіргі таңда 198 мыңнан астам бейнебақылау камерасы жұмыс істейді, оның 41 мыңнан астамы Жедел басқару орталығына қосылған. Жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру мақсатында 215 жаяу жүргінші өткелінде түнгі уақытта жарық беретін заманауи жүйелер орнатылды. Сондай-ақ «Аргус. Жаяу жүргінші өткелі» аппараттық-бағдарламалық кешені өзінің оң нәтижесін көрсеткен. Жол-көлік оқиғаларын талдау барысында аталған кешенді тағы 50 учаскеге орнату ұсынылып, ол қала әкімдігі тарапынан қолдау тапты.

Бұдан бөлек, 2025 жылдың сәуір айынан бастап бес мобильді «Ekin Patrol» кешені пайдалануға беріліп, олардың көмегімен 30 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталған. Күнделікті қызметте пилотсыз ұшу аппараттары да тиімді қолданылып келеді. Дрондармен 17 қылмыс ашылып, 879 әкімшілік құқық бұзушылық тіркеліпті.

Полиция дерегі: Алаяқтардың арбауына көбінде кімдер ілінеді?

Соңғы жаңалықтар