
Шымкент • Кеше
«Шымқала» аумағындағы нысандар терең зерттеледі
Шымкент қаласына жұмыс сапарымен барған Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Жастар сарайында қала тұрғындарымен кездесті. Жүздесу барысында А.Балаева Президент тапсырмасымен жүргізіліп жатқан реформалар мен соның аясындағы саланың негізгі жобалары жайында көпшілікке баяндап, сол бойынша атқарылған жұмыстардың қорытындысын жариялады.
Кәсіпкер • 15 Тамыз, 2025
Кәсіпкерлікті дамыту: мүмкіндік те көп, қолдау да бар
Шымкенттің кәсіпкерлер палатасында «Бір ауыл – бір өнім» жобасы аясында бренд-комитеттің отырысы өтті. Палата директоры Сабира Адамбекованың төрағалығымен өткен жиынға қалалық әкімдікке қарасты басқарма басшылары, «Даму» АҚ мен «Шымкент» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының өкілдері, қаланың креативті индустрия мен іскер әйелдер қауымдастығының жетекшілері қатысты.
Медицина • 13 Тамыз, 2025
Медициналық туризмді дамытудың әлеуеті
Шымкент – дем алуға да, ем алуға да жайлы қала. Кейінгі кезде шаһарда медициналық туризм кең өріс алып келеді. Бүгінде Шымкентті еліміздегі трансплантология саласының орталығы деп те атайды. Осы күні Шымқалаға дертіне дауа іздеген жандар алыс-жақын шетелдерден де жиі келетін болған. Бұл – медицинаның әлеуеті артқанын әйгілесе керек.
Шымкент • 08 Тамыз, 2025
«Қазақ халқына әрқашан қарыздармыз»
Еліміздің баға жетпес байлығының бірі – ол ішкі тұрақтылық пен ұлтаралық татулығы. Қоғамның тыныштығын сақтау, халықты бірлікке ұйыстыру бүгінгі қоғамның басты міндетіне айналды. Ал осынау мемлекеттік стратегияны жүзеге асырып отырған бірегей институт – Қазақстан халқы Ассамблеясы.
Шымкент • 08 Тамыз, 2025
Тұрақтылық бағытындағы қажырлы еңбек
Шымкент қаласындағы Достық үйінен Ассамблеяның тыныс-тіршілігіне қатысты көптеген қызықты дүниелерді табуға болады. Мәселен, онда этномұражай ашылған. Жұмыс кабинеттерінен бөлек, мұнда мәжіліс пен концерттік залдар да бар.
Білім • 05 Тамыз, 2025
Білім саласы серпіліс алдында тұр
Өткен оқу жылы Шымкент қаласының білім саласы үшін толағай жетістіктермен есте қалды. Қалалық білім басқармасы басшысының уақытша міндетін атқарушы Гүлнара Дәрібаеваның айтуынша, оң нәтижелерге ұстаздар қауымымен бірге білім саласына жауапты барлық маман лепті үлес қосты. Мемлекет тарапынан кейінгі жылдары қаржы мен көңіл бөлінуінің нәтижесінде салада оң өзгеріс орын ала бастады.
Шымкент • 01 Тамыз, 2025
Әскери қызметтен – студент аудиториясына
Өткен жылдың көктемінде Шымкент қаласынан мерзімді әскери қызметке шақырылған 86 жігіт бүгінде мемлекеттік білім грантының иегері атанып, еліміздің жоғары оқу орындарына түсуге мүмкіндік алды. Бұл – Қорғаныс министрлігі мен Ғылым және жоғары білім министрлігі бірлесіп қолға алған бастама. Әскери қызмет кезінде тәртіп пен жауапкершілік танытқан сарбаздарды қолдауға бағытталған.
Қылмыс • 01 Тамыз, 2025
Интернеттегі алаяқтық өршіп барады
Шымкент қалалық полиция департаментінің мәлімдеуінше, биыл 6 айда шаһарда интернеттегі алаяқтық қылмыс бойынша 300 дерек тіркелген. Қылмыстардың 30 пайыздан астамы құқық қорғау органдарының жедел әрекетінің арқасында ашылған. Бүгінде қоғамда алаяқтық қылмыстар ес жиғызбай отыр. Құзырлы органдар қанша айла-шарғы жасаса да, алаяқтар алдырар емес.
Шымкент • 01 Тамыз, 2025
Теміржолдың техника тасымалдау мүмкіндігі
Шымкент қаласындағы әскери қатынастар комендатурасы гарнизондағы әскери бөлімдердің жеке құрамы үшін әскери техника мен жүктерді теміржол көлігімен тасымалдау бойынша көрсетілімдік сабақтар ұйымдастырды. Сабақтың мақсаты – әскери қызметшілерді әскерді қайта орналастыру, техниканы теміржол платформалары мен вагондарға тиеу, тасымалдау және сақтау ережелеріне үйрету.
Шымкент • 29 Шілде, 2025
Әлеуметтік көмекке мұқтаж жандар азайып келеді
Шымкент қаласының 2021–2025 жылдарға арналған даму жоспарына сәйкес, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына 4 индикатор бекітілген. Аталған даму көрсеткіштері жобалық кеңсенің «Битрикс» жобасына енгізілген. Индикатордың екеуі ресми статистикалық деректер арқылы алынады.