Әнуар ЖҰМАШБАЕВ
Әнуар ЖҰМАШБАЕВ«Egemen Qazaqstan»
581 материал табылды

Шымкент • 25 Қыркүйек, 2025

Жолаушы тасымалы саласындағы өзгерістер

Шымкент қаласындағы №146, №150 қоғамдық көлік бағыттары 30 жаңа автобуспен толықты. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қоғамдық көлік паркінде болып, жаңа көліктерді арнайы тексеріп шықты. Жолаушы тасымалдаушы көліктер Қарағандыдағы «Qaz Tehna» ЖШС зауытында өндірілген. «Yutong» маркалы заманауи автобустар халықаралық стандарттарға толық сай келеді, әрқайсысының сыйымдылығы 85 жолаушыны құрайды.

Инфрақұрылым • 25 Қыркүйек, 2025

Инфрақұрылым мәселесі жүз пайыз шешілген аудан

Шымкенттің Абай ауданы шаһардың коммуналдық инфрақұрылым мәселесі түбегейлі шешімін тапқан әкімшілік аймағы атанып отыр, деп жазады Egemen.kz.

Шаруашылық • 25 Қыркүйек, 2025

Биыл шымкенттік диқандар қанша өнім алды?

Биыл Шымкент қаласының диқандары бидайдан гектарына орта есеппен 10 центнерден өнім алды. Жаздың күнгі ыстық пен қуаңшылыққа бидай жақсы шығып қамбаға астық құйылды, деп жазады Egemen.kz.

Тарих • 25 Қыркүйек, 2025

Халықаралық ұйым басшысы тарихи нысандармен танысты

Жуырда Ислам әлемінің білім, ғылым және мәдениет бойынша ұйымының (ISESCO) Бас директоры, доктор Салем бин Мохаммед Әл-Малик Шымкент қаласына арнайы іс-сапармен келді. Жұмыс сапары барысында мәртебелі қонақ республикалық маңызы бар тарихи-мәдени мұра нысандарын аралап көрді. Атап айтқанда халықаралық ұйым басшысы Ибрагим ата мен Қарашаш ана кесенелерінде, сондай-ақ «Шымқала» тарихи-мәдени кешенінде болды, деп жазады Egemen.kz.

Қылмыс • 24 Қыркүйек, 2025

Полицейлер интернет алаяқтарды қолға түсірді

Шымкентте полиция ірі қылмыстық топты құрықтады. Қалалық полиция департаментінің қызметкерлері киберқылмысқа қарсы күрес бастады, деп жазады Egemen.kz.

Шымкент • 24 Қыркүйек, 2025

Орталық Азияға үлгі боларлық тәжірибе

Шымкент қаласында «Орталық Азия елдері арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтудағы Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Өндіріс • 24 Қыркүйек, 2025

Әлемдік сусын өндіретін заманауи кәсіпорын

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында инвестиция тартудың ел игілігі үшін маңыздылығы мен пайдасы жөнінде айтты. Мемлекет басшысы инвестиция саласын күшейтіп, экономиканы дамытуға жұмсау қажеттігін атап өтіп, Үкіметке осыған байланысты тиісті тапсырмалар жүктеді.

Өндіріс • 23 Қыркүйек, 2025

Қайта өңдеу саласының қарышты қадамы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауында ауыл шаруашылығын дамыту, қайта өңдеу саласын қолға алу қажеттігін атап өтті. Мемлекет басшысы өз сөзінде елімізде бірнеше ірі агрожобалар іске асып жатқанын тілге тиек етті. Алдағы уақытта осы жобалардың нәтижесінде мыңдаған жұмыс орны ашылатынын баяндады. Жобаларды іске асыруға отандық, шетелдік инвес­торлар қатысып жатқанын, 2 млрд доллардай инвестиция тартылғанын мәлімдеді. Келешекте ол өз жемісін беріп, отандық агроөнімдер шетел нарығына шығарылатынын жеткізді. Мұндай жобалардың ауқымын кеңейту қажеттігін, әр аймақта өндірістен дүкен сөресіне дейін жеткізетін біртұтас желі қалыптастыру керектігін еске салды.

Медицина • 23 Қыркүйек, 2025

Шымкенттік фельдшерлер үздіктер қатарынды

Ақтау қаласында халықаралық медициналық жедел жәрдем бригадаларының республикалық чемпионаты өтті. Үш күнге созылған додаға еліміздің 20 өңірінен, сондай-ақ Ресей, Беларусь және Әзербайжан елдерінен  арнайы командалар қатысты, деп жазады Egemen.kz.