Аймақтар • Бүгін, 18:02

Шымкентте халықаралық іздеуде жүрген алаяқ әйел ұсталды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Полиция департаментінің хабарлауынша Шымкентте 80 млн теңгеден астам сомаға алаяқтық жасады деген күдікпен халықаралық іздеуде болған әйел ұсталды. Тергеу деректеріне сәйкес, ол шымкенттік тұрғындарға қатысты бірқатар алаяқтық қылмыстар жасаған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шымкентте халықаралық іздеуде жүрген алаяқ әйел ұсталды

Келтірілген жалпы материалдық шығын көлемі 80 миллион теңгеден асады. Күдіктінің жасаған қылмысынан бір мысал келтірсек, ол алтын бұйымдар сатумен айналысатын кәсіпкердің сеніміне кіріп, зергерлік әшекейлерін иемденіп кеткен.

Сонымен қатар, тұрғындардан шетелге арзан бағамен туристік сапарлар ұйымдастырамын деп ақша алып, соңында сөзінде тұрмай, қаражатты қайтармай қойған.

Аталған жәйттер бойынша полицияда іс қозғалып, күдікті халықаралық іздеуге жарияланған. Жүргізілген кешенді жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде әйел ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі таңда істің барлық мән-жайын анықтауға және қылмыстық әрекеттердің қосымша эпизодтарын әшкерелеуге бағытталған тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар