Аймақтар • Кеше

Шымкентте жүргізуші куәлігін алуға келген адам көлікті аударып алды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

19 қаңтарда Шымкент қаласындағы №4 мамандандырылған ХҚКО аумағында жүргізуші куәлігіне емтихан тапсыруға келген адам көлікті аударып алды. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы да ХҚКО-да жол-көлік оқиғасы болғанын растап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шымкентте жүргізуші куәлігін алуға келген адам көлікті аударып алды

Аталған органның байланыс қызметінің хабарлауынша, практикалық емтихан кезінде жүргізуші куәлігін алуға келген үміткер тапсырмалардың бірін орындау барысында көлік құралын басқаруда қателік жіберіп, соның салдарынан көлік аударылып кеткен.

Мамандандырылған ХҚКО қызметкерлері жедел жәрдем көлігі жеткенше оқиға орнында алғашқы медициналық көмек көрсеткен. Үміткердің жағдайы қазіргі таңда қанағаттанарлық деп бағаланып отыр.

Алматы − Өскемен тасжолында көлік аударылды

Аталған оқиға мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне әсер еткен жоқ, бүгінгі таңда практикалық емтихан күнделікті кестеге сай қабылданып жатыр дейді ХҚКО мамандары.

Осы орайда халыққа қызмет көрсету орталығының өкілдері практикалық емтиханға автомектептерде оқудан өткен, көлік құралын басқаруға дайындығын растаған, тапсырмаларды өз бетінше орындауға қабілетті тұлғалар ғана жіберілетінін еске салды.

Ақтөбеде мұнайшылар мінген көлік аударылды

Соңғы жаңалықтар