Аймақтар • Кеше

Шымкентте оңтүстік аймақтағы ең ірі жылыжайдың құрылысы басталды

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жылыжай кешені Шымкенте салынады. Жоба аяқталған соң ол жерде жылына 36 мың тонна көкөніс өндіріледі. Одан бөлек мыңға жуық адам тұрақты жұмыс табады, деп жазады Egemen.kz.

Шымкентте оңтүстік аймақтағы ең ірі жылыжайдың құрылысы басталды

Жобаның инвесторы Польшаның «Fabe-Agro» компаниясы. Инвестиция құны 137 млн доллар. Жылыжай қаланың Мәртөбе тұрғын алабында, 144 гектар алаңда бой көтереді. Қазіргі таңда ол жерге инфрақұрылым желісі тартылып жатыр.

Аймақтағы ірі агроөнеркәсіп кешені еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге атсалысады. Мамандар жылыжайда жаңа технологиялар қолданылатынын айтады. Ол өз кезегінде еңбек өнімділігін арттыруға, көкөністен мол өнім алуға септігін тигізеді. Ең бастысы жаңа технологияның арқасында өнімдер тек табиғи түрде ғана өндірілетін болады. Сонымен бірге жыл он екі ай ішкі нарықтың жаңа піскен жергілікті өніммен қамтамасыз етілуі бағаның тұрақталуына да өзінің оң әсерін тигізеді.

Айта кету керек, Шымкентте осындай ірі агроөнеркәсіп кешені саласының бірнеше жобасы іске асып жатыр. Соның ішінде түрік инвесторларының қатысуымен қолға алынып жатқан жылыжай кешенін атауға болады. Оның да аумағы бірнеше гектар алқапты құрайды.

Шымкент     

Соңғы жаңалықтар