Айдана ШОТБАЙҚЫЗЫ
Айдана ШОТБАЙҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
920 материал табылды

Президент • 16 Тамыз, 2025

Озық білімді, жаңа технологияны игерген елдің ұпайы түгел

Елордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен дәстүрлі респуб­ликалық Тамыз конференциясы өтті. Мемлекеттік орган өкілдері, білім саласының қызметкерлері, ата-аналар жиналған алқалы жиында былтырғы оқу жылының нәтижелері қорытындыланып, жаңа оқу жылындағы өзгеріс­тер айтылып, тиімді, жемісті пе­дагогикалық тәжірибелер көрсе­тіліп, ұрпақ тәрбиелеу, оқыту ісіндегі үздіктерді Президент марапаттады.

Білім • 15 Тамыз, 2025

Адал азамат тәрбиелеу міндеті

Жыл сайынғы Тамыз кон­ферен­циясы аясында жер-жерде панельдік секциялар өтіп жатыр. Соның бірі мемлекеттік сая­саттың негізгі идея­сы­мен үндесетін «Адал аза­мат» біртұтас тәр­бие бағдарламасына арналды. Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы ұйымдас­тыр­ған жиынға еліміз­дің барлық өңірінен білім ұйымдарының бас­шы­лары, тәрбие ісі жө­нін­де­гі орынбасарлар, педа­­гогтер, білім басқар­ма­ла­рының мамандары, әдіс­темелік орталық­тар­­дың әдіскерлері және мем­лекеттік мүдделі орган­дар­дың өкілдері қатысты.

Білім • 13 Тамыз, 2025

Университетте қысқа мерзімді курстар өткізуге уағдаласты

Болашақта еліміздегі университеттерде бизнес өкілдерін оқытатын курстар ашылуы мүмкін. Ғылым және жоғары білім министрлігі мен «Даму» қоры ортақ меморандумға отырды. Бұл келісім аясында тараптар жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының базасында қысқа мерзімді курстар өткізуді және кәсіпкерлердің біліктілігін арттыруды ұйымдастыруға уағдаласты, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Ғылым • 13 Тамыз, 2025

Отандық ғалымдар су электр стансасын жасады

Еліміздің зерттеушілері құрастырған шағын су электр стансасы сынақтан өтті. Қондырғы жерасты ұңғымалық шаймалау әдісімен уран өндіретін кәсіпорынға орнатылды. Станса тот баспайтын болаттан жасалған және толықтай герметикалық, коррозияға төзімді қаптамамен қорғалған. Құрал ерітінді жүретін құбырға тікелей орнатылады да, ағын қозғалысынан электр энергиясын өндіреді,  тіпті агрессивті ортада да жұмыс істей алады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қоғам • 12 Тамыз, 2025

Жатақхана бойынша қайда хабарласуға болады?

Алматы – академиялық шаһар. Оңтүстік астанамызда жоғары оқу орындары көп, соған сәйкес студенттер арасында да жыл сайын жатақхана мәселесі күн тәртібінен түспей келеді. Осы ретте Алматы қаласының студенттері баспана бойынша қайда хабарласа алатыны жөнінде білдік.

Білім • 12 Тамыз, 2025

Магистратураға грант тағайындау конкурсына құжат қабылдау басталды

Бүгін, яғни 12 тамыз күні магистратураға білім гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау басталды. Қабылдау 18 тамызға  дейін (қоса алғанда) жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары, оның ішінде виртуалды қабылдау комиссиялары арқылы жүргізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Білім • 09 Тамыз, 2025

Грант кімге бұйырды?

Көптен күткен грант конкурсының нәтижесі жарияланды. Әлеуметтік желілерде тараған талапкерлер мен ата-аналарының қуанышты видеолары жүрек толқытады. Ал сол грант кімге бұйырды, қай мамандыққа бөлінді? Бөркін аспанға атқандардан бөлек үміттенсе де ілікпеген 36 мың адам тағы бар, оларға келер жылға қалмай-ақ биыл тегін білім алуға әлі де мүмкіндік қарастырылған ба? Зерделеп көрдік.

Ғылым • 08 Тамыз, 2025

Бағалы металды балқытатын ыдыс

Бүгінде ғылымда зерттеу жұмыстарын халықаралық деңгейде шетелдік әріптестермен бірлесіп жүргізу кең таралып жатыр. Бұл көбіне нақты ғылымдарға қатысты болатындай көрінеді. Бірақ біздің археолог ғалымдарымыз да бұл тәсілді зерттеу нәтижесінің өнімділігін арттыруда сәтті қолданып жүр.

Ғылым • 02 Тамыз, 2025

Ілкімді ізденіс нәтижесі

«Egemen Qazaqstan» газеті отандық ғылымның дамуы жолында жасалып жатқан қадамдарға, ғалымдарымыздың әр жетістігіне, әрбір өнертабысы мен зерделеу жұмыстарына ақпараттық қолдау көрсетіп келеді. Осы дәстүрімізді жалғастырып, зерттеушілердің кейінгі ізденістерінің нәтижесі туралы кезекті шолуды ұсынып отырмыз.

Білім • 01 Тамыз, 2025

«Қазақстан халқынан» – 500 грант

Қазір – грант конкурсына құжат қабылдау уақыты аяқталып, үміткерлер тақымын қысып жүрген шақ. Көп күттірген тізім 10 тамызға дейін шығып қалуға тиіс. Сол тегін оқуға жолдама ала алмаған жағдайда кейбір талапкерлерге тағы бір мүмкіндік туып тұр.