Digital • Кеше
Атаулы жылда қандай шаралар жүзеге асады?
Биыл – Цифрландыру және жасанды интеллект жылы. Әне-міне, бұның да екінші айы құм сағаттай сырғып барады. Осы атаулы жылда алдағы кемі бір-екі онжылдыққа азық болатын жүйелі өзгертулермен есте қалатын қандай іс атқарған дұрыс? Сондай-ақ Мемлекет басшысының науқаншылдықтан ада болуды шегелеп тапсырғаны тағы бар. Осыған орай, біз сала сарапшыларын тартып, атаулы кезеңде кезек күттірмей шешуді қажет ететін түйткілдер мен түйінін тарқату жолын байыптап көрдік.
Ғылым • 16 Ақпан, 2026
Президент тапсырмасы: 4 жас ғалым баспаналы болды
4 жас ғалымға пәтер сертификаты табысталды. Ғылым және жоғары білім министрлігінің таратқан ақпаратына сүйенсек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ғылым саласын дамыту және жас зерттеушілерді қолдау жөніндегі тапсырмасына сәйкес беріліп отыр, деп жазады Egemen.kz
Ғылым • 13 Ақпан, 2026
«Бір қолымен бесікті тербеген» дейтін теңеу отбасымен қоса ғылымды игерген әйелдерге дөп келетіндей. Олар – кешегі қазақ қыздарынан шыққан танымал журналист, педагогика ғылымында орны бар тұлға Нәзипа Құлжанова, отандық медицина ғылымының қалыптасуына үлес қосқан алғашқы дәрігерлер Гүлсім Асфендиярова мен Аққағаз Досжанова, кәсіби білім алған музыкатанушы Гүлжауһар Шомбалова, тұңғыш әйел-палентолог Балдырған Қожамқұлова, құқық пен медицина ғылымына үлес қосқан тіс дәрігері Мүбина Ниязова, тұңғыш биолог Нәйлә Базанова. Бүгінде осындай көрнекті ғалымдардың ізін жалғаған зерттеушілер бар. Елімізде ғылыми дәрежеге ие 120 896 маман болса, соның 62 433-і, яғни 51,6 пайызы – әйелдер. Бұл сандар – соның дәлелі. Солардың бір парасын БҰҰ бекіткен, 11 ақпанда аталып өткен Ғылымдағы әйелдер мен қыздар күніне орай ұсынып отырмыз.
Білім • 10 Ақпан, 2026
Педагогтер халықаралық жарыста топ жарды
Отандық колледж педагогтері халықаралық «ETF Green Skills Awards 2025» жобасының жеңімпаздары атанды. Аталған байқау Еуропалық оқыту қорының (European Training Foundation – ETF) ұйымдастыруымен өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 10 Ақпан, 2026
Елімізде шамамен 7 млн бала (6 902 492 адам) бар, бұл жалпы халық санының 34%-ын құрайды. Кейінгі 10 жылда балалар саны 1,5 млн-ға артты. Қоғамның осы бір бөлігін қорғау, олардың болашағын қолдау мақсатында «Қазақстан балалары» атты тұжырымдама өткен айдың соңында бекітілді. Онда не қаралған, құжаттың негізгі бағыттары қандай? Бұл сұрақтарға Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте кеңінен айтылды.
Білім • 04 Ақпан, 2026
Отандық жоғары оқу орындарының білім беру географиясы кейінгі жылдары өз өрісін кеңейте бастады. Әдетте біз Қазақстанда ашылған шетелдік университеттердің филиалдары мен орталықтары туралы көп білеміз. Алайда еліміздің шекарасынан шығып, алыс-жақын шетелдерде де студенттер тартып, төл дипломмен маман даярлап отырған жоғары оқу орындары барынан бейхабармыз.
Экология • 02 Ақпан, 2026
Қоқысқа толған ғарышты кім тазартпақ?
Экологтер, табиғат жанашырлары жердегі, ауадағы, әуедегі, өзен мен көл, мұхиттағы тазалықты көп айтады. Бірақ ғарыштағы тазалықты ойлап жатқан кім бар? Ғалымдар бар. Ғаламдық мәселенің шешімін табуды басқа емес, дәл еліміздің беделді оқу орнында жұмыс істейтін зерттеушілер қолға алыпты, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 02 Ақпан, 2026
Қаңтардағы ҰБТ: 244 адам тестілеуден босатылды
2026 жылғы қаңтар ҰБТ-сы басталғаннан бері 139 мыңға жуық адам тестілеуден өтті. Талапкерлердің 76%-ы тестілеуді қазақ тілінде, 24%-ы орыс тілінде және 86 адам ағылшын тілінде тапсырды, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 29 Қаңтар, 2026
Жеке мектеп: бүгіні мен болашағы
Елімізде жеке мектептер саны кейінгі жылдары күрт көбейді. Бұған олардың мемлекеттен әр балаға қаржы алатыны түрткі болған-ды. Ақша жүрген жерде кілтипан қоса килігетіні бар ғой, бұл қолдаудан да шикілік шықты.
Білім • 29 Қаңтар, 2026
Талапкердің көбі қазақ тілін таңдаған
Жаңа жылдағы алғашқы ұлттық бірыңғай тестілеудің (ҰБТ) басталғанына да екі апта өтіп кетті. Осы аралықты қорытындыласақ, 90 мың адам тестілеуден өтіп үлгерді. Талапкерлердің басым бөлігі қазақ тілін таңдаған.