
Жұмысшы мамандықтар жылы • 22 Қыркүйек, 2025
Колледждерде сұранысқа ие мамандықтарға грант саны артты
Елімізде техникалық мамандар тапшы. Осы мәселені шешу мақсатында техникалық және инженерлік мамандықтарға көбірек гранттар қарастырылған. Бұл ретте жоғары оқу орындарына қоса колледждерге айрықша басымдық беріліп келеді. 2025 жылдың Жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялануының да себебі – сонда, деп жазады Egemen.kz.
Ғылым • 22 Қыркүйек, 2025
Ғалымдар жүрек ауруының алдын алатын платформа жасады
Отандық зерттеушілер жүрек-қан тамырлары ауруының алдын алуға арналған платформа жасап шығарды. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғалымдары әзірлеген «Zhurek AI» платформасы дерттің қауіптілігін ерте анықтауға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ғылым • 22 Қыркүйек, 2025
Отандық ғалымдар «ақылды агроном» ойлап тапты
Бұл еліміздегі агроөнеркәсіптік кешеннің болашағын өзгертетін, жер мен егістіктердің жағдайын талдау үшін дрондардан алынған деректерді жасанды интеллект алгоритмдерімен біріктіретін цифрлық жүйенің жобасы ретінде қолға алынған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ғылым • 05 Қыркүйек, 2025
Ғылымды қаржыландыру деңгейі неге төмен?
Ғылым және жоғары білім министрлігінің дерегінше, 2024–2026 жылдарға ғылыми жобалар мен зерттеулерді қаржылай қолдау үшін бюджеттен 703,6 млрд теңге бөлінген. Оқырманға мұндай сома көлемді көрінуі мүмкін. Шын мәнінде, Қазақстан дүниежүзілік дереккөздерде ғылымды қаржыландырудан соңғы орындарға жайғасқан. Себебін сараптап көрелік.
Білім • 04 Қыркүйек, 2025
Биыл еліміздің түкпір-түкпіріндегі 8 мыңнан астам білім ұясы 4 миллион оқушыға өз есігін айқара ашты. Жаңа оқу жылына 83 оқу ошағы пайдалануға берілді, соның 57-сі «Келешек мектептері» ұлттық жоба аясында салынған. Биыл бірінші сыныпқа 360 мыңнан көп бала барды, олардың 72 пайызы қазақша оқуды таңдады.
Білім • 03 Қыркүйек, 2025
Әр бала – өзінің қандай да бір әлеуметтік, экономикалық, физиологиялық, географиялық, биологиялық ерекшелігіне қарамастан, сапалы білім алуға құқылы. Бұл түйткілдің түйінін тарқату қарапайым мектептегі жағдайды жақсартудан басталады. Осы мәселені шешу мақсатында стратегиялық бағыттағы ұлттық жоба қолға алынды. Жыл соңында тәмамдалуға тиіс жұмыстың қарқыны қандай? «Келешек мектептерінің» келбеті қалай қалыптасып келеді?
Инфографика • 30 Тамыз, 2025
Үш ай алаңсыз жаз да өтті. Бір жылға есейтіп жіберетін демалысты артқа тастаған оқушыларға мектеп партасына оралатын уақыт та жетті.
Білім • 30 Тамыз, 2025
Университеттерде академиялық кезеңді бастауға дайындық пысықталды. Жаңа оқу жылында еліміздің жоғары оқу орындарында жасанды интеллектіні қолдану барлық мамандықта оқытылады. Енді студенттердің тәрбиесіне, әлеуметке қосылуына айрықша көңіл бөлінеді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды.
Білім • 29 Тамыз, 2025
Базарларға жолыңыз түссе, сөрелерді жаңа оқу жылының жақындап қалғанын көрсететін тауарлар жаулап алғанын байқайсыз. Иә, қыркүйекке қарбалас дайындық тамыз айынан басталып кеткен. Баласын жетектеген ата-ананың қарасы көп, бәрі мектепке қажетін осы айдың соңына дейін әзірлеп алуға асығады. Ал баға қалай? Бір баланы сабаққа дайындауға қанша теңге жұмсалады? Көмекке мұқтаж жандарға қандай қолдау бар? Бірізділік бізге қашан келеді? Салмақты сұрақтарға жауап іздеп көрдік.
Білім • 26 Тамыз, 2025
Елордада астаналық педагогтердің дәстүрлі Тамыз кеңесі өтті. Іс-шарада қалалық білім саласының өткен оқу жылындағы қорытындысы мен жаңа оқу жылындағы жаңалықтары талқыланып, үздік әдістемелер сарапқа салынды. Конференцияға Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаев, Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев, бас шаһардың әкімі Жеңіс Қасымбек, депутаттар, білім саласының қызметкерлері, ата-аналар қатысты.