Айдана ШОТБАЙҚЫЗЫ
Айдана ШОТБАЙҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
939 материал табылды

Білім • Бүгін, 08:45

Біртұтас бағдарлама бетбұрысқа негіз бе?

Отандық білім жүйесі талай өзгерісті өткерді. Қанша реформа қолға алынса да барлығы дерлік білім сапасын көтеруді көздеді. Мұның соңы неге апарды? Көзіміз көріп отырғандай, тәрбие оқытудың көлеңкесінде қалып қоя берді. Осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында мемлекеттік білім ұйымдарында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы енгізілді. Биыл бағдарлама өркен жайып, өткен қыркүйектен жекеменшік балабақша, мектеп, колледждерге де оқу-тәрбие үдерісін осы құжаттың негізінде жүргізу міндеттелді.

Digital • Кеше

Тың бағдарлама іске қосылды

Техникалық және кәсіптік білім жүйесіне жасанды ин­теллектіні енгізуге арналған республикалық бағдарлама іске қосылды. Жаңа жоба Астана қаласындағы техникалық және кәсіптік білім жүйесінде жасанды интеллект (AI) құралдарын қолдануға бағытталған.

Білім • 31 Желтоқсан, 2025

Бір жүйе – сан сауал

Бізде көбіміз баса мән бере бермейтін бір сала бар. Бұл – мектепке дейінгі оқыту сатысы. Мұның маңызы – барлық білім жүйесінің іргетасы саналатынында. Бала оқу ошағына барамын дегенше дайындығы дұрыс болса, ол соғұрлым мектепте, одан кейін университетте қиналмайтыны кәдік. Сол себепті де ата-аналар балаларын балабақшаға неғұрлым тезірек орналастыруды қалайды. Дәл осы мәселе бізде толық шешімін тапты ма, биылға жүктелген міндет түпкілікті орындалды ма?

Қоғам • 30 Желтоқсан, 2025

Мұғалімге қоғам ілтипаты маңызды

Қазір еліміздегі 8 мыңнан астам мектепте 415 мыңнан көп педагог жұмыс істейді. Олардың 85 пайызы – жоғары, 9 пайызы – жоғары білімнен кейінгі, 6 пайызы – техникалық және кәсіптік білімі бар мамандар. Мұғалімдердің саны мен сапалық құрамын арттыру, жас мамандарды тарту мақсатында мемлекет бірқатар жүйелі шара қабылдаған.

Білім • 30 Желтоқсан, 2025

Табысқа апарар анық жол

2025 жыл отандық жоғары білім саласы үшін нендей нәтижемен есте қалды? Осы сұрақ ойландырғанда ең алдымен санаға сап еткені – еліміздің академиялық хабқа айналу жолындағы жұмыстары болды. Биыл бұл бағытта қандай қадам жасалды? Не ұттық? Шолу жасап көрдік.

Пікір • 27 Желтоқсан, 2025

Жастарды жасқаған баспана

Осыдан бірнеше жыл бұрын бас құра­ған екі жас шетелдік дипломдарымен елге келіп жұмыс іздеді. Тәуірін тапты-ақ. Бірақ береке таппады. Өйткені тәжірибесіз ма­манға беретін жалақының жартысы пәтер­ жалдаудан, жартысы жүріп-тұру мен тамақтан артылмайды. Ақыры шетел­ге кетті, бақшаға барып жидек терді.

Білім • 25 Желтоқсан, 2025

Жоғары білім жүйесіндегі жетістік

Еліміз еншісін алғалы жоғары білім жүйесінде қандай жетіс­тіктерге қол жеткізді? Осы бағытта кешегімізді саралап, бүгінімізді бағамдап, даму жолына шолу жасап көрдік.

Білім • 23 Желтоқсан, 2025

Дипломдардың деректер базасы құрылды

Енді тәуелсіздік жылдарында берілген дипломдардың түпнұсқасын тексеруге болады. Бұл неге маңызды? Кейінгі кезде жалған құжат мәселесі күн тәртібінен түспей тұр. Күні кеше Ғылым және жоғары білім министрлігі бүгінде 46 жалған диплом жасаумен айналысқан 20 интернет-ресурс анықталғанын, материалдар Ішкі істер министрлігі мен Мәдениет және ақпарат министрлігіне жолданғанын хабарлады.

Ғылым • 19 Желтоқсан, 2025

«Жасыл сутегі» өндіретін қондырғы

Отандық ғалымдар «жасыл сутегі» өндіретін алғашқы кешенді стансаны жасап, іске қосты. Бұл олардың өз патенттері мен инженерлік әзірлемелеріне негізінде жасалған. Толық циклді сынақ қондырғы тек күн панельдері мен жел генераторларынан қуат алады.

Білім • 18 Желтоқсан, 2025

Қазақстанда бағдарламалау мектебі ашылды

Елімізде жаңа буын бағдарламалау мектебі ашылды. Бұл мектеп дәстүрлі оқытушысыз, студенттердің өзара бірін-бірі оқытуына (peer-to-peer learning) негізделген инновациялық педагогикалық тәсілмен жұмыс істейді. Екі жылға арналған қарқынды оқу бағдарламасы аясында студенттер 17 бағдарламалау тілін меңгеріп, 800-ден астам практикалық жобаны жүзеге асырады және жасанды интеллект, киберқауіпсіздік, блокчейн, ойын жасау секілді алты негізгі бағыттың бірінде терең маманданады.

Яндекс.Метрика